Бронх демікпесі бар науқастардың қан сарысуынан азот оксидінің деңгейін зерттеу
Қаралымдар: 97 / PDF жүктеулері: 49
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-152-3-7-19Кілт сөздер:
қабыну, бронх демікпесі, азот оксиді, қан сарысу биомаркері, қан сарысуындағы азот оксидінің деңгейіАңдатпа
Бұл алдын ала зерттеу жұмысы бронх демікпесі (БД) бар науқастардың сарысуындағы азот оксиді (NO) деңгейін анықтауға арналған. Азот оксиді БД патогенезінде маңызды рөл атқарады, өйткені ол бронхтардың тарылуына ықпал етіп, қабыну медиаторларының түзілуін ынталандырады, бұл өз кезегінде аурудың үдеуіне әкеледі. Зерттеуге 41 қатысушы енді, олардың қатарында ауруды бақылау деңгейі әртүрлі БД науқастары (бақыланатын, ішінара бақыланатын және бақыланбайтын астма) және БД диагнозы қойылмаған адамдар (бақылау тобы) болды. NO деңгейі Enzo Life Sciences Inc. (АҚШ) шығарған “Nitric Oxide (total)” (ADI-917-020) талдау жиынтығы арқылы өлшенді. Зерттеу нәтижелері БД бар науқастарда сарысудағы азот оксиді деңгейі бақылау тобымен салыстырғанда шамамен 1,34 есеге жоғары екенін көрсетті (p=0,001). Сонымен қатар, азот оксидінің концентрациясы жынысы мен жасына қарай талданды. 65 жастан асқан әйелдер мен жас әйелдер арасында статистикалық тұрғыдан маңызды айырмашылық анықталды (p=0,0347). Ішінара бақыланатын және бақыланбайтын БД бар науқастарды бақылау тобымен салыстырғанда NO деңгейі тиісінше 1,31 және 1,42 есе жоғары болды (p=0,0355 және p=0,0033). Бронх демікпесін диагностикалау үшін азот оксиді деңгейінің ROC талдауы қанағаттанарлық диагностикалық дәлдікті көрсетті (AUC=0,6932; p=0,013). Осылайша, бронх демікпесі бар науқастардың сарысуындағы азот оксидінің концентрациясын анықтау диагноз қоюда маңызды рөл атқаруы мүмкін және аурудың ықтимал биомаркері ретінде қолдануға болады.






