Ұлытау өңірінің бөгде ағаш өсімдіктері: инвазиялық әлеует және натурализация жолдары


Қаралымдар: 33 / PDF жүктеулері: 23

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-152-3-123-146

Кілт сөздер:

Ұлытау, бөтен өсімдіктер, инвазиялық дендрофлора, өсімдіктердің агрессивтілік дәрежесі

Аңдатпа

Зерттеу Орталық Қазақстан Ұлытау облысының Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының аумағындағы бөгде ағаш - бұта түрлерінің таралуын және экологиялық бағасын зерттеуге арналған. Тақырыптың өзектілігі сыртқы әсерлерге осал дала және орманды дала экожүйелеріндегі интродукциялық түрлердің ықтимал инвазиялық қауіптілігін ерте анықтау және бағалау қажеттілігімен байланысты. Зерттеудің мақсаты аймақтың табиғи биоценоздарындағы бөгде ағаш өсімдіктерін анықтау болды. Зерттеудің міндеттеріне инвазивті түрлердің натурализация мәртебесін анықтау, олардың таралуының ықтимал көзін анықтау, таралу ауқымының агрессивтілігін бағалау, жергілікті флораға және табиғи өсімдіктер қауымдастығына инвазивті өсімдіктерді енгізу қаупін азайту жолдары кірді. Зерттеулер көрсеткендей, бұл аймақтағы бөгде дендрофлораны бағалау бұрын зерттелмеген, әсіресе натурализация дәрежесін, таралу сипатын, сонымен қатар жергілікті өсімдіктерге әсерін ескере отырып зерттелмеген. Ғылыми жаңалық-натурализация дәрежесін, таралу сипатын және жергілікті өсімдіктермен өзара әрекеттесуін ескере отырып, бұрын зерттелмеген аймақтағы бөгде дендрофлораны кешенді бағалау. Жұмыста далалық маршруттық шолулар, таксономиялық талдау, «ТМД елдерінің ботаникалық бақтарында инвазивті бөгде өсімдіктер түрлерін басқару кодексінің» өзгертілген классификациясы негізінде инвазивтілікті бағалау шкаласы, сонымен қатар салыстырмалы флористикалық талдау әдістері қолданылады. Ұлытау өңірінде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде негізінен орманды мелиорациялау немесе елді мекендерді абаттандыру шаралары аясында өсірілетін 21 бөгде ағаш тұқымдас таксондар анықталды. Acer negundo, Populus balsamifera, Fraxinus americana сияқты бөгде ағаш өсімдіктері агрессивтіліктің жоғары дәрежесін көрсетпестен (0-3 дәреже) кездейсоқ таралу үлгісін көрсететіні анықталды. Дегенмен, аналық тәждерден тыс жалғыз өркендердің болуы және кейбір таксондарда генеративті белсенділік белгілері, ықтимал инвазиялық қауіпті көрсетеді. Алынған мәліметтер Қазақстанның құрғақ аймақтарындағы ормандарды қалпына келтіру және табиғатты қорғау шараларын жоспарлауда практикалық маңызы бар.

Жарияланды

2025-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Есжанова, А. ., Абдухадыр, А., Масалова, В. ., Ситпаева, Г. ., Зверев, Н. ., Эпиктетов, В. ., Билибаева, Б. ., Бабайv И. ., Набиева, С., & Избастина, К. . (2025). Ұлытау өңірінің бөгде ағаш өсімдіктері: инвазиялық әлеует және натурализация жолдары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 152(3), 123–146. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-152-3-123-146

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)