Trichoderma harzianum саңырауқұлағының Cytospora туысына жататын саңырауқұлақтарға қатысты антагонистік белсенділік және изоляттардың филогенетикалық талдауы


Қаралымдар: 88 / PDF жүктеулері: 53

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-152-3-87-102

Кілт сөздер:

Trichoderma harzianum, Cytospora spp., антагонистік белсенділік, морфология, филогенетикалық талдау, биобақылау

Аңдатпа

Бұл зерттеуде Trichoderma harzianum саңырауқұлағының жеміс және орман ағаштарыныңнекрозы және құрғауын тудыратын Сytospora туысының фитопатогенді саңырауқұлақтарға қарсы антагонистік белсенділігі бағаланды. T. harzianum культураларының морфологиялық сипаттамасы бойынша мицелийдің ерекше құрылысы мен белсенді спораланатынын көрсетті, бұл олардың қоректік ортаны тез игеретінін байқатты. Бірге отырғызып өсіру барысында C. chrysosperma, C. sorbina, C. parasitica, C. pruinopsis патогендерінің өсуінің айқын тежелуі байқалды. Бұл құбылыс мицелий түсінің өзгеруімен, патоген колонияларының дамуының шектелуімен және ол патогендерді Петри табақшаларының негізгі аймақтарынан ығыстыруымен көрініс берді. Инкубацияның сегізінші тәулігінде Cytospora туысына жататын фитопатогенді саңырауқұлақтардың өсуі Trichoderma harzianum антагонисімен тежеліп, белсенді спора түзуімен қатар жүрді. ITS аймағын талдау негізіндегі молекулалық идентификация бөлініп алынған изоляттардың T. harzianum түріне жататынын растады (GenBank деректерімен 100 % ұқсастық). Құрылған филогенетикалық ағаш изоляттардың T. harzianum таксономиялық тобы құрамында жоғары бутстрэп-қолдауымен айқын кластерленуін көрсетті. Алынған нәтижелер T. harzianum-ды Cytospora туысыны жататын фитопатогендерге қарсы өсімдіктердің биологиялық қорғанысының тиімді агенті ретінде қолдану болашағы зор екенін дәлелдейді. Сонымен қатар, антагонистік қасиеттерді зерттеуде морфологиялық әрі молекулалық-генетикалық талдауды қамтитын кешенді тәсілдің маңыздылығын айқындайды.

Жүктеулер

Скачать XML

Жарияланды

2025-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жаксылыков, А. ., Дюсембаев, К. ., Наекова, С., Нурбекова, Ж., Арыстанова, Ш. ., Оспанова, А. ., Киян, В. ., & Тулегенова, Ж. (2025). Trichoderma harzianum саңырауқұлағының Cytospora туысына жататын саңырауқұлақтарға қатысты антагонистік белсенділік және изоляттардың филогенетикалық талдауы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 152(3), 87–102. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-152-3-87-102

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)