Диэтилсульфат индукциясының тары өсімдіктерінің М1 сандық сипаттамаларына әсері


Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 14

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-155-2-91-110

Кілт сөздер:

Panicum miliaceum L., мутагенез, диетилсульфат, морфометриялық параметрлер, шаруашылық-құнды белгілер

Аңдатпа

Тары (Panicum miliaceum L.) - бұл азық-түлік және өнеркәсіптік мақсаттарда қолданылатын маңызды ауылшаруашылық дақылына жатады. Көптеген зерттеулер ДЭС (диэтилсульфат) қолданыстағы мутациялар дақылдарды жақсартудың өте пайдалы әдіс екендігі анықталды. Сонымен қатар, өсімдік селекциясында индукциялық мутацияларды мақсатты пайдалану тиімді тәсілдердің біріне айналды. Бұл мақалада мутагеннің әртүрлі концентрациясымен тұқым өңдеудің зерттеу нәтижелері көрсетілген. Бұл зерттеу зертханалық және далалық жағдайларда, ДЭС мутагенімен M1  бірінші мутанттық ұрпақтарында мутагендік әсерін анықтау үшін жүргізілді. Өсімдіктің тәжірибелерінде келесі сандық және сапалық белгілері: өсімдіктердің биіктігі (см), танаптық өнгіштік (%), өнімді түптену, шашақтағы дәндерінің саны (дана), шашақтағы дән салмағы (г), өсімдіктегі дәндерінің саны (дана), өсімдіктегі дән салмағы (г), дән өнімділігі (г/м2), вегетациялық кезең ұзақтығы (күн) есепке алынды. Маңызды байланыстар негізінде (r≥0,65; p<0,05) құрылған корреляциялық желі белгілер арасындағы тығыз өзара байланыстардың құрылымын және олардың мутагенмен өңдеуге жауап ретінде екі функционалдық модульге саралануын көрнекі түрде көрсетті. Бірінші M1 ұрпақта ДЭС генетикалық өзгергіштікті туғызатыны анықталды. Нәтижелер зерттелген барлық белгілердегі айтарлықтай айырмашылықтарды анықтады. Зерттеу сонымен қатар осы химиялық агентті қолдану P. miliaceum жетілдірілген сорттарын жасау үшін тиімді тәсіл екенін көрсетті.

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Дюсибаева, Э. ., Рысбекова, А. ., Абылкаирова, М. ., Зейнуллина, А. ., Сарбасова, Н. ., Оразов, А. ., & Есенбекова, Г. . (2026). Диэтилсульфат индукциясының тары өсімдіктерінің М1 сандық сипаттамаларына әсері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 155(2), 91–110. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-155-2-91-110

Журналдың саны

Бөлім

Статьи