Батыс Тянь-Шань қандалаларын (Cimicomorpha, Heteroptera) зоогеографиялық талдау


Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-155-2-191-211

Кілт сөздер:

Cimicomorpha, Батыс Тянь-Шань, Heteroptera, Miridae, зоогеография, түр құрамы, таулы экожүйе

Аңдатпа

Мақалада Батыс Тянь-Шань қандалаларының (Cimicomorpha, Heteroptera) зоогеографиялық талдауы берілген. Қандала түрлері Батыс Тянь-Шань аймағының бірнеше аумағынан, аласа таулы белдеулерден бастап жоғары таулы аймақтарға дейін жиналды. Қандалалардың жиналған түрлері таралуына негізделе отырып, 18 зоогеографиялық аймаққа топтастырылды. Барлығы 89 түр жиналып, реттік және түрлік деңгейге дейін анықталды және олар бес тұқымдасқа жатқызылды: Miridae, Tingidae, Nabidae, Anthocoridae және Reduviidae. Алынған нәтижелерге сәйкес, голарктикалық зоогеографиялық таралу аймағында 15 түр анықталды, оның ішінде 12 түр (80%) Miridae тұқымдасынан, 2 түрі Nabidae тұқымдасынан және 1 түрі Anthocoridae тұқымдасынан болды. Транспалеарктикалық таралу аймағында да 15 түр тіркелді, олардың көпшілігі Miridae (10 түр) тұқымдасынан болды. Трансеуразиялық және Батысеуразиялық таралу аймақтарында әртүрлі түрлер байқалады, олардың 16 түрі немесе 18% аталған бірінші аймаққа тиесілі болса, 17 түр (19%) Батысеуразиялық аймақтан анықталды және оның ішінде Miridae отбасына жататын түрлердің мөлшері 50–65%-ды құрады. Басқа да таралу аймақтарында мысалы, Голарктикалық-ориентальды, Голарктикалық-неотропикалық, Транспалеарктикалық-ориентальды, Батыспалеарктикалық, Шығыспалеарктикалық, Ортатетийлік, Иран-тұран, Евксинді-иран-тұран, Тұран-түркістан-алатау-гобийлік, Евксинді-қазақстандық-алтай-солтүстік тұран, Еуросібірлік-қазақстандық, Еуропалық-қазақстандық, Ортаазиялық-қазақстандық және Түркістан тауларында 1–3 қандала түрлері кездесті, соның ішінде кейбір аймақтарда Nabidae, Tingidae және Reduviidae тұқымдастары басым болды. Аталған мәліметтер Батыс Тянь-Шань таулы экожүйелеріндегі қандалалардың (Cimicomorpha) зоогеографиялық таралуын толықтырады және биоәртүрлілікті зерттеу мен эндемдік түрлерді қорғауға арналған басқа да зерттеулер үшін негіз бола алады.

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Марденова G. ., Есенбекова P. ., Жаксыбаев, М. ., & Анарбекова G. . (2026). Батыс Тянь-Шань қандалаларын (Cimicomorpha, Heteroptera) зоогеографиялық талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 155(2), 191–211. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-155-2-191-211

Журналдың саны

Бөлім

Статьи