Жылқы майы негізінде жасалған косметикалық сабынның биологиялық қасиеттерін зерттеу


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-156-3-22-36

Кілт сөздер:

жылқы майы, сабын, косметология, майсана, Трилон Б

Аңдатпа

Бүгінгі таңда сабын тұрмыста да, өнеркәсіпте де кеңінен қолданылатын ең көп таралған және қолжетімді жуғыш заттардың бірі болып табылады. Оның қасиеттері тек өндіріс технологиясына ғана емес, сонымен қатар қолданылатын шикізатқа да байланысты. Табиғи жануарлар майларынан жасалған сабын ерекше қызығушылық тудырады, себебі олар өнімнің физика-химиялық және тұтынушылық қасиеттеріне айтарлықтай әсер етеді. Жылқы майы өнімдері тері күтімінде, шипалық қасиеті дәстүрлі медицинада ежелден қолданылып келеді. Алайда, дәстүрлі сабын жасау бойынша әлі де зерттеулер жеткіліксіз. Соңғы жылдары жылқы майы косметиканың перспективті құрамдас бөлігі ретінде зерттеушілердің назарын аударды, тері тосқауылын қалпына келтіру және теріні ылғалдандыру қабілетіне байланысты. Ғылыми әдебиеттерге сүйенсек жылқы майының қабынуға қарсы қасиеті құрамындағы полиқанықпаған линол (C18:2n6, LA) және α-линолен қышқылдары (C18:3n3, ALA) қышқылдарының жоғары мөлшерімен байланысты.  Мысалы, сиыр майында C18:2n6  3% және C18:3n3   0.5–1% болса, жылқы майының құрамында 15–25% және 3–10% арасында кездеседі. Жылқы майының қабынуға қарсы белсенділігін түксіз тышқандардың терісіне жағып, тәжірибе жүргізу арқылы анықтаған. Тышқандардың терісінде UV-B сәулеленуімен индукцияланған IL-6 және TNF-α түзілуін айтарлықтай тежелгені анықталған. Зерттеу жұмыстың негізгі мақсаты жылқы майынан сабын жасау және оның қасиеттерін зерттеу. Мақалада жылқы майын сілтімен өңдеу арқылы, майсана майы және трилон Б компоненті қосылған екі  түрлі сабын дайындалды және олардың  физико-химиялық, микробиологиялық, теріні тітіргендіргіш қасиеттері анықталды. Дайындалған сабындардың барлық қасиеттері мемлекеттік стандарттарға сай болды. Майсана майы және трилон В компоненті бар сабындардың тітіркендіргіштік қасиеті байқалмады яғни сабындардың қолдану аймағында эритема және қабыну анықталмады.

Жүктеулер

Скачать XML

Жарияланды

2026-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нармуратова , М. ., Нурсеитова , М. ., Қанаят, Ш., Сыздық, М. ., Сыман, Қ. ., & Ахметсадыков, Н. . (2026). Жылқы майы негізінде жасалған косметикалық сабынның биологиялық қасиеттерін зерттеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 156(3), 22–36. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-156-3-22-36

Журналдың саны

Бөлім

Статьи