Бидайды түраралық будандастыру нәтижесiнде алынған аллоплазмалық тiзбектерiндегi жалауша жапырақтарының фотосинтетикалық аппараты жұмысына құрғақшылықтың әсерi


Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

  • Н.В. Терлецкая Өсiмдiктер биологиясы және биотехнологиясы институты
  • Н.А. Алтаева Өсiмдiктер биологиясы және биотехнологиясы институты
  • У. Ережетова Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi

Кілт сөздер:

бидай, аллоплазмалық тiзбектер, құрғақшылыққа төзiмдiлiк, фотосинтез

Аңдатпа

Ылғалдың жетiспеушiлiгi жаhандық климаттың өзгеруi жағдайында негiзгi стресс болып табылады.   Жұмыстың мақсаты құрғақшылық әсерiнен түраралық будандастыру нәтижесiнде алынған аллоплазмалық бидай   тiзбектерiнiң жалауша жапырағының фотосинтетикалық параметрлерiнiң өзгеруiн талдау болды. Егiстiк жағдайда   өскен, масақ беру сатысында, тозаңданып болғаннан кейiн бiрден индукцияланған құрғақшылық жағдайына ұшыраған   бидайдың ата-аналық пiшiндерi мен аллотiзбектерiнiң жалауша жапырақтарындағы хлорофиллi мен каротиноидтардың   мөлшерi спирт сығындыларында спектрофотометриялық жолмен анықталды.   Сондай-ақ, ол жапырақтардың   құрамындағы су мөлшерiне талдау жасалды. Жалауша жапырағының фотосинтетикалық белсендiлiгi PAM-   флуориметрiнiң көмегiмен зерттелдi. Құрғақшылықта жалауша жапырақтағы судың мөлшерi хлорофилл мөлшерiмен   керi корреляцияға түседi, ал дәл су потенциялының төмендеуi, осы Fv/Fm, Y(II) және Y(NPQ) сияқты фотосинтез   қарқындылығының көрсеткiштерiнiң көлемiн шектейтiндiгi көрсетiлдi. Құрғақшылық кезiнде өнiмдiлiк көрсеткiштерi   мен фотосинтетикалық параметрлерi мәндерiнiң корреляциялық тәуелдiлiгi анықталды.   құрғақшылыққа төзiмдi аллотiзбек D-41-05 анықталды. 

Жарияланды

2026-06-06

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Терлецкая, Н. ., Алтаева, Н. ., & Ережетова, У. . (2026). Бидайды түраралық будандастыру нәтижесiнде алынған аллоплазмалық тiзбектерiндегi жалауша жапырақтарының фотосинтетикалық аппараты жұмысына құрғақшылықтың әсерi. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 129(4), 58–68. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/974

Журналдың саны

Бөлім

Статьи