Доңызтау флорасының таксономиялық талдауы
Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
Доңызтау флорасы, түтiктi өсiмдiктер, таксономиялық талдауАңдатпа
Мақалада Доңызтау флорасына таксономиялық талдау жасалған. Флора 40 тұқымдасқа жататын 170
туыс пен 314 түрден құралған. Материалдар далалық экспедициялар нәтижелерi мен әдеби мәлiметтерге сүйене отырып
алынған. Талдау нәтижелерi басты 5 тұқымдас барлық өсiмдiк жамылғысының 60,9%(186 түр) құрайтынын көрсеттi.
Зерттеу аймағындағы негiзгi тұқымдастарға Amaranthaceae, Asteraceae, Brassicaceae, Poaceae, Fabaceae жатады. Ama
ranthaceae тұқымдасы жалпы флораның 67 түрiн(21,6 %) құрап, басымдылық танытты. Екiншi орында Asteraceae 40
түр (12,8%). Мұндай көрсеткiш аймақты континентальдығын айқындайды. Басым тұқымдастар құрылымының талдау
нәтижелерi флора спектрi Тұран, Жерортатеңiздiк және бореалды типке жататындығын көрсеттi.






