Көкшетау қаласы төңiрегiндегi кейбiр жабайы өсiмдiктер түрлерiнiң гүлдену фенологиясындағы өзгерiс


Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 2

Авторлар

  • Н.М. Сафронова Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi
  • О.Н. Бабенко Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi

Кілт сөздер:

гүлдену мерзiмi, қайта гүлдену, жабайы өсетiн өсiмдiктер, түрлiк құрамы, климаттық факторлар, Көкшетау қаласының төңiрегi

Аңдатпа

Соңғы 30-45 жыл iшiнде Ақмола облысында климаттық факторлардың өзгеруi байқалады (орташа
жылдық температураның, жауын-шашынның және т.б. артуы). Биологиялық құбылыстардың маусымдылығы,
фенологиясы осындай өзгерiстерге тiкелей тәуелдi келедi. 2013, 2016 және 2018 жылдардың қыркүйек айының соңғы
онқүндiгiнде жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiнде Көкшетау қаласының төңiрегiнде кездесетiн өсiмдiктердiң 37 түрiнiң
гүлденгенi анықталды, олардың басым бөлiгiнiң гулденуi осы кезеңге тән емес едi. Табылған гүлденген өсiмдiктердiң
70%- да гүлдену фенологиясында елеулi өзгерiстер көрiндi, ал кейбiр түрлерiнде қайта гүлдену байқалды. Сонымен
қатар гүлдену кезеңiнiң ұзару жағдайлары да тiркелген. Мақалада жабайы өсiмдiктердiң кейбiр түрлерiнiң гүлдену
фенологиясындағы өзгерiстерi мен климаттық факторлар арасындағы байланыс талқыланады.

Жарияланды

2026-06-07

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сафронова, Н. ., & Бабенко, . О. . (2026). Көкшетау қаласы төңiрегiндегi кейбiр жабайы өсiмдiктер түрлерiнiң гүлдену фенологиясындағы өзгерiс. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 128(3), 90–99. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/991

Журналдың саны

Бөлім

Статьи