Мыс қосылыстарының ми үлпасына артық немесе жеткiлiксiз түскен кездегi неврологиялық бүзылулардағы рөлi
Қаралымдар: 5 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
мыс, ми ұлпасы, орталық нерв жүйесi, мыстың артықшылығы мен жетiспеушiлiгi, нейродегенеративтi бүзылыстар, Вильсон ауруыАңдатпа
Бұл әдеби шолуда ми ұлпасындағы мыс метаболизмiнiң бұзылуынан туындаған жүйке жүйесiнiң
бұзылыстары тақырыбы қозғалады. Қалыпты және патологиялық жағдайларда орталық жүйке жүйесiнiң көптеген
физиологиялық функцияларында элементтiң рөлi мен қатысуы ерекшеленедi және сипатталады. Нейродегенеративтi
бұзылулар қарастырылады, онда ми ұлпасындағы "бос" мыстың (Альцгеймер, Вильсон, Менкес аурулары)
жиналуы байқалады. Мыстың ми ўлпасына артық немесе жеткiлiксiз түсуiнен туындаған генетикалық аурулар
сипатталған.
Неврологиялық бұзылулар кезiнде ми ұлпасындағы мыстың метаболизмiнiң артықшылықтарына
ерекше көңiл бөлiнген. Бұл бағыт мысты нерв жүйесiнде депонирлеу кезiнде патоморфологиялық өзгерiстердiң
сипаттамасымен толықтырылады. Мақалада тәжiрибиелiк жануарлардың жүйке ұлпасына мыстың артық түсуi кезiндегi
токсикологиялық әсер ету механизмдерi ашылады.






