Қазақстанда Poa L. түрлерінің таралуына қысқаша шолу және тұқымдарының сыртқы морфологиялық ерекшеліктеріне сипаттама


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-154-1-8-23

Кілт сөздер:

қоңырбас, Poa L., түр, астық тұқымдастар, тұқым, флористикалық аймақ

Аңдатпа

Климаттың өзгеруі, құрғақшылыққа апаратын жаһандық жылыну, рационалды емес антропогендік әрекеттер өсімдіктердің көптеген түрлерінің азаюына немесе жойылуына әкеледі. Кең таралған шым түзетін шөпті өсімдіктердің бірі Poa L. түрлерінің тұқымдары жиналып, Тұқым банкінде сақталуда. Қоңырбастар жем азықтық, жайылымдық өсімдік ретінде маңызды, ал кейбір түрлері көгалдандыруға кеңінен қолданылады. Қазіргі мәліметтер бойынша Poaceae тұқымдасының қоңырбастар туысының 575 түрі бар, солардың ішінде Қазақстанның флорасында 80 түрі, жақында ашылған Шығыс Қазақстан бойынша сипатталған жаңа түрлерді есепке алмағанда, кездеседі. Бүкілресейлік өсімдік шаруашылығы институтының (ВИР) әлемдік коллекциялар каталогында қоңырбастардың 4  түрі: Poa bulbosa L., P. nemoralis L., P. pratensis L., P. trivialis L., мәдени өсімдіктердің жабайы туысы болып анықталған. Зерттеудің мақсаты Poa L., таралуы, биологиялық-шаруашылық маңызы және қолданылуы бойынша әдебиет көздеріне қысқаша талдау жүргізу, флористикалық аймақтар бойынша түрлердің үлгілер санын талдау және тұқымдардың фотосуреттерімен сыртқы морфологиялық ерекшеліктерін сипаттау болды. Дереккөздеріне жүргізілген қысқаша шолу бойынша аумақта 57 түр таралғаны анықталды. Фотосуреттері бар тұқым сипаттамасы 7 түр бойынша ұсынылған, олар бойынша түрлі флористикалық аймақтардан 75 үлгі бар. Тұқымдар мен олардың сипаттамасы түрлерді анықтау үшін және селекцияда құнды генетикалық материал ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Жарияланды

2026-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Айтымбетова, К. ., Мурзатаева, Т. ., Ситпаева, Г. ., Елубаева, А. ., Махмудова, К. ., Дүкенбаева, Б. ., Муган, А. ., & Алғазы , А. (2026). Қазақстанда Poa L. түрлерінің таралуына қысқаша шолу және тұқымдарының сыртқы морфологиялық ерекшеліктеріне сипаттама. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 154(1), 8–23. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-154-1-8-23

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)