Қашықтағы iсiктiң өсу динамикасында ақуыз-синтетикалық және энергетикалық бөлiмдерiндегi гепатоциттердiң ультрақұрылымдық ерекшелiктерi


Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • С.А. Бахбаева С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi
  • Н.П. Бгатова Клиникалық және эксперименттiк лимфологияның ғылыми-зерттеу институты - Федералды мемлекеттiк бюджеттiк ғылыми мекеменiң филиалы ¾Ресей ғылым академиясының Сiбiр бөлiмiнiң цитология және генетика институтының федералдық зерттеу орталығы¿
  • Ш.М. Жумадина С. Сейфуллин атындағы Қазақагротехникалық университетi

Кілт сөздер:

гепатоциттер, ультрақұрылым, эндоплазмалық тор, рибосомалар, митохондриялар, ақуыз-синтетикалық функциялар, iсiктердiң өсуi

Аңдатпа

Мақалада қашықтағы iсiктiң өсуiн модельдеу жағдайында жануарлардың гепатоциттерiнiң   ультрақұрылымдықұйымдасуының нәтижелерi келтiрiлген. Гепатокарцинома-29 iсiк өсуiнiң моделi ретiнде алынды,   оның жасушалары CBA желiлi тышқандардың бұлшықеттерiне егiлдi. Тәжiрибенiң 3, 7, 13 және 30 тәулiктерiнде   қалыпты жағдайдағы және қашықтағы iсiктiң өсуiндегi гепатоциттердiң ультрақұрылымын жарық және электрондық   микроскопия әдiсi арқылы бағаладық. 30-шы тәулiкте гепатоциттердегi iсiктiң дамуында құрылымдық белгiлердiң   өзгерiсi байқалды, яғни бұл жасушаның ақуыз-синтетикалық және энергетикалық қызметтерiнiң бұзылуына әкелетiндiгiн   көрсеттi. Мұнда митохондриялар тiркелген, сонымен қатар еркiн полисомдық рибосомалардың сандық тығыздығының,   гранулярлық эндоплазмалық тор цистерналарының көлем тығыздығының төмендеуi байқалады. Қашықтағы iсiктiң өсу   кезiнде бауырда секреторлық қызметтiң жеткiлiксiз дамуын дәлелдейтiн нәтижелер алынды.

Жарияланды

2026-06-06

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бахбаева, С. ., Бгатова, Н. ., & Жумадина, Ш. . (2026). Қашықтағы iсiктiң өсу динамикасында ақуыз-синтетикалық және энергетикалық бөлiмдерiндегi гепатоциттердiң ультрақұрылымдық ерекшелiктерi. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 129(4), 15–21. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/969

Журналдың саны

Бөлім

Статьи