Өкпенiң созылмалы обструктивтi ауруының дамуындағы микроРНК-ның рөлi
Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
микроРНҚ, өкпенiң созылмалы обструктивтi ауруы, биомаркер, сигналдық жолдарАңдатпа
Өкпенiң созылмалы обструктивтi ауруы (СОӨА)- қайтымсыз және үдемелi бронхиалды обструкциямен
сипатталатын күрделi патогенезi бар созылмалы өкпе ауруы. Аурудың дамуында генетикалық бейiмдiлiк пен қоршаған
ортаның факторлары маңызды рөл атқарады. СОӨА патогенезi қазiргi уақытта әлi жеткiлiктi зерттелмеген болса да,
оның пайда болуына тотығу стресс, протеолиз/антипротеолиз жүйесiнiң дисбалансы, иммундық жүйенiң дисфункциясы,
өкпенiң репарациясы мен апоптоздың бұзылуы елеулi үлес қосатыны белгiлi. Ұсынылған шолуда қабынуға қатысатын
және ӨСОА патогенезiнде негiзгi рөл атқаратын әртүрлi молекулалық және жасушалық механизмдер туралы мәлiметтер
жинақталған. Соның iшiнде, ӨСОА дамуындағы микроРНҚ рөлiне ерекше назар аударылды. ӨСОА диагностикалау
және емдеу үшiн ықтимал биомаркерлер мен терапевтiк құралдар ретiнде микроРНҚ-ны пайдалану мүмкiндiгi
қарастырылған.






