«Бурабай» ұлттық табиғи паркiнiң орман флорасының тамырлы өсiмдiктерiнiң конспектi
Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
тамырлы өсiмдiктер, орман флорасы, «Бурабай» табиғи паркi, Көкшетау биiктiгi, биологиялық әртүрлiлiк, тамырлы өсiмдiктердiң конспектiАңдатпа
Мақалада «Бурабай» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiнiң аумағын зерттеу
нәтижелерi келтiрiлген (2010- 2018жж.). Жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiнде «Бурабай»
табиғи паркiнiң орман флорасының тамырлы өсiмдiктерiнiң конспектiсi құрылды, онда 51
тұқымдас пен 115 туыстың 163 түрiнiң таралуы мен пайда болуы туралы ақпараттар бар.
«Бурабай» табиғи паркiнiң орман флорасында негiзгi жүйелi топтардың мынадай қатынасы
байқалады: тамырлы споралы өсiмдiктердiң 9 түрi (орман флорасының 5,5%), олардың iшiнде
папоротниктер басым. Бурабай массивiнiң орман флорасының негiзiн жабынды тұқымды
153 түр (93,8%) құрайды, оның iшiнде қосжарнақты– 130 түр (79,8%), бiржарнақты– 23 түр
(14,1%) құрайды. Viola, Pyrola, Dryopteris туыстары орман ерекшелiктерiн көрсетедi.






