In vitro жағдайында өсiрiлген регенерант картоп дақылының Қазақстандық сұрыптарының «Альянс», «Бабаев» және «Нәрлi» математикалық модельдерiнiң динамикасы
Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
қоректiк орта, микроклональды көбейту, математикалық модельдеу жүйесi, сингулярлы спектральды талдауАңдатпа
Биология ғылымдарында соңғуы уақыттарда математикалық модельдеу әдiстерi кең етек алып келедi.
Әсiресе, өсiмдiк биотехнологиямында әртүрлi қоректiк орталар даярлау барысында гормоналдық және дәрумендiк
қатынастарды анықтауда олардың өсiмдiк өсуiне әсерiн бақылауда аса маңызды. Сонымен қатар, микроклональды
көбейту барысында пробиркада өскен өсiмдiктердiң биiктiгiн, тамыр жүйесiнiң ұзындығы мен санын анықтау қоректiк
ортаның тиiмдiлiгiн анықтайтын фактор болып табылады. Бұл мақалада регенерант өсiмдiктердi әртүрлi қоректiк
орталарда өсiру барысында өсудiң математикалық моделi ұсынылады. Зерттеу барысында картоптың отандық үш
сорты: «Нарли», «Бабаев», «Альянс» қолданылды.






