Бидай қалдықтарынан полисахаридтердi қайта өңдеу арқылы алу үдерiсiн зерттеу
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
бидай сабаны, сорбит, целлюлоза, катализатор, ферментативтi гидролиз, биомассаАңдатпа
Мақалада сорбиттi алу мақсатында гидролиз– сутектендiрудiң ферментативтi аралас (гибридтi)
үрдiстерiн зерттеудiң нәтижелерi көрсетiлген. Дәл осы мақалада өндiрiске қажеттi бағалы өнiмдердiң шығымын
жоғарылату мақсатында, бидай сабанын алдын-ала өңдеу және ферментативтi гидролиз нәтижелерi сонымен қатар
сорбит синтезiн зерттеу нәтижелерi көрсетiлген. Сабанды алдын-ала өңдеудi температурасы 190-250 ◦ С аралығында
күкiрттi қышқылдың 0,6 бастап 2,5 % масс.концентрацияларында түрлендiрiп жүргiзiлдi. Сабанды күкiрттi қышқылда
гидролиздеудiң оңтайлы температурасы 160 ◦ С–170 ◦ С және ұзақтығы 30–80 минутты құрады. Сабанды гидролиздеудiң
барлық тәжiрибелерiндегi ең жақсы нәтиже күкiрттi қышқылдың 1,6% масс.концентрациясында және 150-160 ◦ С
температурада болды. Сабанды ферментативтi гидролиздеу үрдiстерiне зерттеулер жүргiзiлдi. Қағаз- тәжiрибе жүзiнде
қаншалықты таза целлюлоза болып табылатындықтан, кинетикалық параметрлерi бiрдей ферментолиз үдерiсiнiң кезiнде
сабан ферментолизi жағдайында түзiлетiн қант мөлшерi, қағазды қолданғанға қарағанда 1,49 есе аз. Алынған
тазаланған глюкоза гидролизаты никель-алюминий-темiр-хромдық катализатордың қатысуымен сутектендiрiлдi. 7,0%
хром құймасынан жасалған қатализатор сорбиттiң шығуына үлкен белсендiлiк көрсетедi, 100 ◦ С және 6МПа, 60 минут
кезiндегi сутектендiру 50,5%, ал глюкозаны сутектендiру қоспасыз қаңқалы никельге қарағанда жылдамдығы 1,46
есе жоғары. Сутектiң қысымының өсуi 2 ден 12 МПа дейiн және 40-120◦ С глюкозаны сутектендiру жылдамдығы
белсендiрiлген титан никель-алюминий-темiр катализаторында үлкейетiндiгi көрсетiлдi.






