Риктордың фосфорлануы сүт безi қатерлi iсiгiнiң өсу факторларына байланысты


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Чиен-Ханг Чен М.Д. Андерсон атындағы Техас университетi, Молекулалық және клеткалық онкология департаментi
  • Дос Сарбасов Техас жоғары мектебiнiң биомедициналық ғылымдары университетi

Кілт сөздер:

риктор, сүт безi қатерлi iсiгi, mTOR, mTORC1, mTORC2, инсулин тәуелдi өсу факторы

Аңдатпа

Ерте диагностика әдiстерiнiң жетiлуiне қарамастан, сүт безi қатерлi iсiгi әлi де жылына шамамен 40
000 әйелдiң өлiмiне себепшi ауыр дерт болып саналады. Iсiктiң туындауы мен дамуы өсу факторлары сигналдық
жолдарының бақылаудан шығуымен сипатталады. Сүт безi эпителий клеткаларының трансформациясы жңне қатерлi
iсiк фенотипiнiң дамуы жоғары селективтi қысымға негiзделген көп сатылы процесс болып табылады. Iсiк түзiлуiнiң
басты факторы болып клеткалардың пролиферациясы, өмiршеңдiгi және миграциясын реттеуге қатысатын клеткалық
сигналдық жолдардың активтенуi саналады. Осыған байланысты, iсiк т үзiлуi барысында адамда жиi активтенетiн
сигналдық компоненттердiң бiрi бұл Akt. Ол iсiктiң ұзақ мерзiмдi өсуiне қажеттi iсiк клеткаларының пролиферациясы
және өмiршеңдiгi механизмдерiнiң қосылуын қамтамасыз етедi. Алдыңғы жұмыста бiз сүтқоректiлердiң рапамицин
нысаны 2-кешенi (Target of Rapamycin Complex 2- mTORC2) Akt-тық негiзгi реттегiшi екендiгiн анықтаған болатынбыз.
Осы жаңа кешен mTORC2-нiң бұл маңызды қызметi iсiктi зерттеу жұмыстары үшiн үлкен қызығушылық тудырып
отыр. Берiлген жұмыстың орталық гипотезасы- клеткалық трансформация кезiнде mTORC2 активтенуi өз кезегiнде
сүт безi бiрiншiлiк iсiгiнiң дамуындағы аса маңызды сатысы ретiнде Akt сигналдық жолының активтелуiне себеп болады.
Бiздiң зерттеуiмiзге сәйкес, mTORC2 активтiлiгiн жанама бағалауға негiзделген сүт безi қатерлi iсiгiнiң жаңа маркерiн
дайындау мүмкiндiгi бар. Онымен қоса, Akt гиперактивациясымен сипатталатын сүт безi iсiгiне бағытталған mTORC2
спецификалық ингибиторын жасау өте пайдалы болар едi. mTORC2 реттелуiн зерттеу аталған iсiк түрiнiң терапиясы
бағытындағы зерттеу жұмыстарының болашағы зор саласы болып табылады. Жаңа маркер mTORC2-тәуелдi iсiк
түрлерiн анықтап, сүт безi iсiгiнiң ерте диагностикасы және бағалауы үшiн қолданылады. mTORC2 спецификалық
ингибиторын жасау сүт безi iсiгi кезiндегi өсу факторлары сигналдық жолдарын мақсатты тежеудi қамтамасыз етедi.

Жарияланды

2026-06-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Чен C.-H. ., & Сарбасов D. D. . (2026). Риктордың фосфорлануы сүт безi қатерлi iсiгiнiң өсу факторларына байланысты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 122(1), 54–64. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/1051

Журналдың саны

Бөлім

Статьи