Табиғи жергілікті көздерден алынған жасыл биомасса мен микробалдырлардың ферментативті микрофлорасының жергілікті штаммдарын зерттеу


Қаралымдар: 281 / PDF жүктеулері: 237

Авторлар

  • Э.Б. Жаппарбергенова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
  • Г.С. Халикова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
  • Г.Б. Алпамысова М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Л.Е. Серікбай Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
  • Б.Д. Шарапхан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Аңдатпа

Ғылыми мақалада жасыл өсімдіктердің биомассасын анаэробты ашыту кезінде пайдаланылатын инновациялық технологиялардың, сондай-ақ жергілікті Қошқар ата өзенінен бөлініп алынған микробалдырлардың нәтижелері көрсетілген. Морфоцитологиялық эксперименттердің нәтижелері сипаттай келіп, жем өндіру процесінде ашытуды жүзеге асыратын сүт қышқылы бактерияларжың микробиологиялық идентификациясы жасалған, сонымен қатар, зерттелінген микробалдырлардың микробиологиялық ерекшеліктері келтірілген.

Жоғары сапалы ақуыз шикізатының жаңа және экономикалық қол жетімді көздерін зерттеу қазіргі ауылшаруашылық биотехнологиясының өзекті мәселесі болып табылады. Бұл мәселенің бір шешімі-микробалдырларды биоқорек көзі ретінде пайдалану. Бірқатар елдерде Clorella және Scenedesmus бір жасушалы балдырлар өсімдік ресурстары және микроорганизмдердің ақуыз массасы сияқты дәстүрлі шикізат көздерінің орнына жемдік ақуызды өндіру үшін қолданылады. 

Осы мәліметтерге сүйене отырып, ағзаның қалыпты жұмысын сақтау үшін жасушалардың уақтылы жаңаруы үшін ақуыздардың әртүрлі формаларын, соның ішінде маңызды аминқышқылдарын үнемі синтездеу қажет. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы биотехнологиясы саласындағы көптеген ғылыми зертханалар, соның ішінде қазақстандық зертханалар жемшөп препараттарында маңызды аминқышқылдарының құрамын қамтамасыз ету және ұлғайту проблемаларымен қарқынды айналысады.

Мақалада Түркістан облысының өзендерінде мекендейтін микробалдырларды микробиологиялық сәйкестендіру бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Зерттеу жұмысы барысында микробалдырлардың жергілікті штаммдарын таксономиялық сәйкестендіру жүргізілді, сондай-ақ олардың морфологиялық ерекшеліктері зерттелді. Сонымен қатар, табиғи популяциялар зертханалық жағдайда элективті ортада өсірілді.

Жарияланды

2022-12-22

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жаппарбергенова E., Халикова G., Алпамысова G., Серікбай L., & Шарапхан B. (2022). Табиғи жергілікті көздерден алынған жасыл биомасса мен микробалдырлардың ферментативті микрофлорасының жергілікті штаммдарын зерттеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 141(4), 14–23. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/193

Журналдың саны

Бөлім

Статьи