Allium L. туыс түрлерінің гербарийдегі (АА) ұсынылуын Арал-Балқаш флоралық аймағы бойынша анализдеу


Қаралымдар: 137 / PDF жүктеулері: 222

Авторлар

  • Д.Ш. Абдилданов Ботаника және фитоинтродукция институты
  • П.В. Веслова Ботаника және фитоинтродукция институты
  • Г.М. Кудабаева Ботаника және фитоинтродукция институты
  • М.С. Курманбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
  • А.С. Абаш Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • К.С. Избастина С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Кілт сөздер:

Allium L. туысы, Арал-Балқаш ауданы, Гербарий (АА), ұсынылуы, түрлер таралуы, флористикалық аудандар

Аңдатпа

Allium L. туысы Қазақстан флорасында түрлері кеңінен таралған.  Экологиялық ауқымы бойынша туыс түрлері альпілік, субальпілік белдеуден басталып шөлге дейін қамтиды. Бұл туыс түрлері морфологиялық алуантүрлілігімен ерекшеленеді, соның негізінде оларды анықтау қиынға соғады. Қазіргі мәліметтер бойынша, Арал-Балхаш аумағында, Қазақстан бойынша  140 түрден 25 (18%) түрі кездеседі.  Зерттеудің мақсаты Allium L. туысының 3 секцияға (Haplostemon Boiss. – 7; Porrum Don – 3, Molium Don – 5)  жататын 15 түрдің коллекциялық қорын, Арал-Балқаш флоралық аумағында кеңінен көрсетілген түрлерін, Ботаника және фитоинтродукция институтында (АА) зерттеу. Анализ нәтижесінде  гербарий қорында сақталған Allium L. туысының зерттеліп жатқан территориядан 12 түрдің таралу жері анықталды, оның бір түрі Қазақстанның Кызыл кітабына енген. Сонымен қатар, гербариде (АА) (Алматы қ. Қазақстан) ұсынылған Арал-Балхаш аумағында таралған түрлердің тізімі жасалды. Арал-Балқаш аумағы бойынша  Гербарий қорында, коллекциялардың көп түрлері Бетпақдала, Мойынқұм, Балхаш-Алакол Қазақстан флористикалық аудандарында көрсетіледі.

Жарияланды

2023-09-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абдилданов, Д., Веслова, П., Кудабаева, Г., Курманбаева, М., Абаш, А., & Избастина, К. (2023). Allium L. туыс түрлерінің гербарийдегі (АА) ұсынылуын Арал-Балқаш флоралық аймағы бойынша анализдеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 144(3), 40–53. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/263

Журналдың саны

Бөлім

Статьи