Бағбандықтың негізгі өнеркәсіптік аймағында (Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысы) алма ағашының әртүрлі сорттарында бактериялық күйіктің таралуы
Қаралымдар: 302 / PDF жүктеулері: 262
Кілт сөздер:
алма ағашы, ауру, бактериалық күйік, фитопатологиялық мониторинг, сорттар, Erwinia amilovora, сорттардың төзімділігі, аурудың таралуыАңдатпа
Қазақстанда, әлемнің көптеген елдеріндегідей, жеміс дақылдарының ішіндегі ең маңыздысы алма ағашы болып табылады. 45,0 мың га аймақта егілетін жеміс дақылдары бақтарының 77%-ы алма бақтары. Жеміс-жидек дақылдарының, атап айтқанда, алма ағаштарының бактериялық күйігі Республика бақтарында тұрақты қауіп төндіретін және тез таралатын ең зиянды жұқпалы аурулардың бірі болып табылады. Қазақстан аумағында бактериялық күйктің одан әрі таралуына жол бермеу үшін ауруға төзімді жеміс ағаштарының сорттарын өсіру өте маңызды. Мақалада негізгі өнеркәсіптік бағбандық аймақтың (Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары) плантацияларындағы аудандастырылған, интродукцияланған және перспективалы алма сорттарына бактериалды өрттің таралуы бойынша нәтижелер берілген. Таңдалған сынамаларды бактериологиялық талдау нәтижесінде морфологиялық және культуралдық белгілері бойынша Апорт, Восход, Синап Алматинский, Мақсат, Голден Делишес, Конфетное, Пинова, Пинк Леди сорттарынан бактериялық күйік қоздырғышына ұқсас 8 изоляты бөлініп алынды. Піспеген алма жемістеріне жүргізілген бактериалды патогендік сынама, бактериялық күйік қоздырғышы Erwinia amylovora бактериясының болуын растайтын оң сынақ нәтижелерін көрсетті.