Уран кенін өндіретін аймақтарда “топырақ-өсімдік” тізбегіндегі радионуклидтердің миграциясына баға беру (әдеби шолу)
Қаралымдар: 172 / PDF жүктеулері: 203
Кілт сөздер:
радионуклидтер, радионуклидтердің миграциясы, топырақ, өсімдік, уран кеніАңдатпа
Тау-кен өнеркәсібінің қызметі нәтижесінде белсенді мутагендік және канцерогендік әсері бар радионуклидтер мен химиялық заттар жер бетіне шығарылатыны белгілі. Әсіресе радиоактивті қалдықтар және де басқасол сияқты қайта өңдеу өнімдері ерекше қауіп төндіруі мүмкін. Осыған байланысты қалдықтарды сақтау орындарына және радионуклидтер мен ауыр металдардың қоршаған орта объектілерінде миграциялану дәрежесіне тұрақты мониторинг жүргізу қажеттілігі туындайды.
Бұл мақалaда әдеби шолудың негізінде уран кен аймақтарындағы радионуклидтердің топырақ, өсімдіктегі мөлшерімен, олардың “топырақ-өсімдік” тізбегіндегі миграциясы туралы қазіргі заманғы мәліметтер қарастырылған.