Gliocladium catenulatum саңырауқұлақтан алынған экстракттың Botrytis cinerea және Fusarium оxysporum фитопатогендеріне антифунгалдық әсері


Қаралымдар: 135 / PDF жүктеулері: 186

Авторлар

  • А.Б. Исмагулова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • А.Д. Спанбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • С.К. Наекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • Г.М. Салхожаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • З.С. Сармурзина Микроорганизмдердің Республикалық Коллекциясы

Кілт сөздер:

Gliocladium catenulatum, фитопатогендер, антогонизм, антифугалдық қасиет

Аңдатпа

Бұл мақалада Gliocladium catenulatum саңырауқұлағының экстракттары алынып, Солтүстік Қазақстанда кең таралған фитопатогенді Botrytis cinerea және Fusarium oxysporum саңырауқұлақтарына антифунгальды қасиеті қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде ауруға ұшырамаған құлпынай тамырынан Gliocladium catenulatum оқшауланды.  Бұл микромицет-антогонист фитопатогендерге жоғары антифунгальды белсенділігін көрсетті, басылу аймағы орта есеппен – 35±0,05 мм. Fusarium oxysporum фитопатогенінің антогонистке сезімталдығы Botrytis cinerea-ға қарағанда жоғарырақ екені анықталды. Мысалы, Gliocladium catenulatum саңырауқұлағының экстрактысы 30 рет сұйылтылған оңтайлы концентрациясы әсерінен Fusarium oxysporum-дағы басу аймағы - 26±0,03 мм, ал Botrytis cinerea-да 24±0,03 мм құрады.

Gliocladium catenulatum продуцентінің қарқынды өсуі мен дамуы үшін оңтайлы жағдай (өсіру ортасы, температура, көмірсуларды пайдалану, pH ортасы) беттік культивирлеу әдісімен анықталды.

Зерттеудің мақсаты Gliocladium catenulatum-нен алынған экстракттардың Botrytis cinerea және Fusarium оxysporum фитопатогендеріне қарсы антифунгалдық қасиетін бағалау және болашақта дақылдардың өнімділігін арттыру үшін осы микромицетті фунгицидтік биологиялық препарат ретінде қолдану.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Исмагулова, А., Спанбаев, А., Наекова, С., Салхожаева, Г., & Сармурзина, З. (2023). Gliocladium catenulatum саңырауқұлақтан алынған экстракттың Botrytis cinerea және Fusarium оxysporum фитопатогендеріне антифунгалдық әсері . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 145(4), 71–85. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/339

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)