Шығыс майракебісі өсімдігінің тамырларының тағамдық шикізат ретінде пайдалану перспективасын бағалау


Қаралымдар: 128 / PDF жүктеулері: 140

Авторлар

  • А.Н. Аралбаев Алматы технологиялық университеті
  • З.Ж. Сейдахметова Алматы технологиялық университеті
  • Н.К. Аралбай С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Кілт сөздер:

табиғи өсімдік шикізаты, биологиялық және тағамдық құндылық, Шығыс майракебісі

Аңдатпа

Мақалада жабайы табиғи ортада кездесетін өсімдік Шығыс майракебісі тамырларын тағам өнеркәсібінде шикізат ретінде пайдалану үшін перспективалылығын зерттеу мәселесі қаралады. Тамақтану тәртібі және тұтынылатын азықтың сапалы болуы қандай да болсын мемлекет халқының әл-ауқатының көрсеткіші бола алады. Экологиялық тұрғыдан таза, тағамдық құндылығы жоғары, әрі дәруменді-минералды құрамы толысқан тағамдардың кең ассортиментінің қолжетімділігі елдің тағамдық қауіпсіздігінің негізгі құрамдас бөлігі деп қарауға болады. Сол себепті жергілікті өсімдік жамылғысының шикізат ретіндегі ролін зерттеу, тек ғылыми тұрғыдан ғана емес, тағамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы стратегиялық маңызы зор мәселе.

Қазақстан территориясында ондаған мыңнан аса өсімдік түрі өседі, олардың басым көпшілігі адам игілігіне пайдалану үшін талай зерттеулерді қажет етеді. Қырыққабат тұқымдасына жататын өсімдіктердің көбісі адам шаруашылығындағы орны ерекше, бұл тұқымдасқа жататын түрлі өкілдерін әр елдерде мал азықтық, техникалық, омарталық, тағамдық және декоративті ресурс деп бағалайды. Алайда бұл өсімдіктің биоактивті заттардың көзі және кей елдерде жас өркедері мен жапырақтарын тағам ретінде пайдаланатындығы туралы мәліметтер бар. Жасалған зерттеулер көрсеткендей, Шығыс майракебіс  өсімдігі айтарлықтай биологиялық және тағамдық құндылыққа ие болады. Оның тамырынан бірталай мөлшерде көмірсулар мен минералды заттар анықталды. Демек, аталған табиғи шикізат болашақта жаңа тағам түрлері мен тағамдық қоспаларды жасап шығаруға перспективті болып табылады деген қорытындыға келеміз. Сонымен бірге, Шығыс майракебісі тамырларының балғындығы мен құндылығын -18°С температурада 3 айға дейін сақтауға болатыны анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Аралбаев, А., Сейдахметова, З., & Аралбай, Н. (2023). Шығыс майракебісі өсімдігінің тамырларының тағамдық шикізат ретінде пайдалану перспективасын бағалау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 143(2), 66–80. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/409

Журналдың саны

Бөлім

Статьи