Экологиялық жүйедегі екі биологиялық түрлердің популяцияларының өзара әрекеттесуін математикалық модельдеу


Қаралымдар: 134 / PDF жүктеулері: 166

Авторлар

  • Г.Р. Кощанова Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
  • Э.У. Сагиндыкова Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
  • Р.С. Шуакбаева Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
  • Д.К. Семирханова Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
  • Б.А. Мұкұшев С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Кілт сөздер:

популяцияның өзара әрекеттесуі, популяция динамикасының математикалық моделі, Mathcad пакеті, модельдеудің теориялық және эксперименттік нәтижелері

Аңдатпа

Оқшауланған жыртқыш-жемтік экожүйесінде екі биологиялық түрдің популяцияларының өзара әрекеттесуі зерттелді. Осы биологиялық түрлердің өзара әрекеттесуінің математикалық модельдері қарастырылды. Математикалық моделдер дифференциалдық теңдеулер жүйесі түрінде берілген. Mathcad пакеті көмегімен жасалған бағдарлама арқылы математикалық модельдердің  графикалық және сандық шешімдері алынды. Екі популяцияны сипаттайтын параметрлердің уақытқа тәуелді өзгерісінің динамикасы зерттелді.

«Жыртқыш-жемтік» екі биологиялық түрдің популяциясына қатысты тәжірибелік-эксперименттік практикалық нәтижелер қарастырылды және  зерттелді.  Қоян мен сілеусін терілерінің санын сипаттайтын Канадалық аң терісі компаниясының статистикалық мәліметтері талданды. Шығыс Қазақстан облысы Көкентау қорығындағы арқарлар мен қасқырлар популяциясын зерттеу нәтижелерінің эксперименттерінің нәтижелері келтірілді. «Арқар-қасқыр» экожүйесіндегі жануарлардың өзара әрекеттесуін сипаттайтын графиктік деректер  мен  популяцияның математикалық модельдерінің теориялық нәтижелерінің сәйкестігі дәлелденді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кощанова, Г., Сагиндыкова, Э., Шуакбаева, Р., Семирханова, Д., & Мұкұшев, Б. (2023). Экологиялық жүйедегі екі биологиялық түрлердің популяцияларының өзара әрекеттесуін математикалық модельдеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 145(4), 43–53. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/416

Журналдың саны

Бөлім

Статьи