Егеуқұйрықтар өкпесіне хризотилді асбестті енгізгеннен кейін митохондриялар ультрақұрылымының морфометриялық сипаттамасы


Қаралымдар: 155 / PDF жүктеулері: 176

Авторлар

  • Г.С. Айнагулова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • Ф.Г. Рзаев Әзірбайжан медициналық университеті
  • Э.К. Гасымов Әзірбайжан медициналық университеті
  • Р.І. Берсімбай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi

Кілт сөздер:

митохондрия, мембрана, хризотилді асбест, морфометриялық талдау, морфометриялық параметрлер

Аңдатпа

Морфометриялық талдау әдісі егеуқұйрықтардың өкпе митохондрияларындағы ультрақұрылымдық өзгерістерін жануарларға 25 мг және 50 мг дозада хризотил-асбест шаңын бір рет интратрахеальді енгізуден кейін зерттеу үшін қолданылды. Морфометриялық көрсеткіштер бойынша асбестпен 50 мг дозамен әсер еткеннен кейін митохондрияларда күрделі өзгерістер анықталды, олар сыртқы және ішкі мембраналардың ауданы, периметрі және орташа диаметрінің айтарлықтай ұлғаюымен сипатталды. Митохондриялардың сыртқы мембранасының ауданы бақылау тобындағы жануарларда 0,38±0,02 мкм2, периметрі 2,52±0,11 мкм, орташа диаметрі 0,75±0,03 мкм, ал тәжірибелік егеуқұйрықтарға асбесттің 50 мг дозасымен әсер еткеннен кейінгі көрсеткіштері айтарлықтай жоғарлады және сыртқы мембранасының ауданы 0,59±0,04 мкм2 құрады, периметрі 3,67±0,19 мкм, ал орташа диаметрі 1,06±0,05 мкм болды. Ішкі мембрана үшін бақылау тобының көрсеткіштері келесідей болды: ауданы 0,33±0,02 мкм2, периметрі 2,40±0,12 мкм, орташа диаметрі 0,71±0,032 мкм, ал асбесттің 50 мг дозасында: ішкі мембрана ауданы 0,56±0,05 мкм2, периметрі 3,68±0,21 мкм, орташа диаметрі 1,06±0,06 мкм көрсетті.

Өкпе жасушаларында асбесттің әсерінен митохондриялық кристалар ұзындығының айтарлықтай төмендеуі анықталды. Бақылау тобының жануарларында (интактті жануарлар): 9,11 ± 0,41 мкм, 25 мг дозадағы асбест әсерінен 4,07 ± 0,33 мкм, 50 мг дозадағы асбест әсерінен: 2,34±0,20 мкм болды. Кристалардың ісінуі және бұзылуы байқалды, бұл жағдайды кристалардың диаметрінің морфометриялық параметрлері арқылы байқауға болады, ол 50 мг асбест әсерінен 90,9% -ға (p<0,001) өсті.

Митохондриялардың ішкі және сыртқы мембраналарының ауданы, кристаларының ұзындығы мен диаметрі бойынша алынған мәндері, ультрақұрылымдық бұзылыстарының дәрежесін бағалауға мүмкіндік берді және асбест әсерінен туындаған митохондриялық дисфункцияны көрсетті.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Айнагулова, Г., Рзаев, Ф., Гасымов, Э., & Берсімбай, Р. (2023). Егеуқұйрықтар өкпесіне хризотилді асбестті енгізгеннен кейін митохондриялар ультрақұрылымының морфометриялық сипаттамасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 143(2), 123–140. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/423

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)