Қан холестеринімен суицидтік мінез-құлық арасындағы байланыс


Қаралымдар: 525 / PDF жүктеулері: 237

Авторлар

  • А.М. Маханова Қарағанды медицина университеті
  • О.А. Понамарева Қарағанды Медицина Университеті
  • Р.К. Татаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi

Кілт сөздер:

холестерин, суицид, өзіне зиян келтіретін мінез-құлық

Аңдатпа

ДДҰ (Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы) 2021 жылғы есебіне сәйкес, біздің еліміз әлемдік рейтингте суицид деңгейі жоғары елдердің қатарына кіріп, 20-ші орынды алады. Адамдардағы суицидтік мінез–құлықты дамытудың табиғаты мен механизмдері әліде анық емес. Бұған дейін бір қатар жұмыстар липидтердің деңгейімен суицидтік мінез-құлықтың дамуы арасындағы байланысты анықтады. Сонымен қатар, суицидтік мінез-құлықтың холестерин деңгейімен ешқандай байланысы жоқ деректерде бар. Демек, холестериннің адамдағы суицидтік мінез-құлықты дамытудағы рөлі қызықты зерттеу мәселесі болып табылады. Осыған байланысты біз холестерин деңгейімен суицидтік мінез-құлық арасындағы байланысты анықтау үшін әдебиеттерге шолу жасадық. Әдебиеттерді іздеу Web of Science, PubMed, Scopus, eLibrary дерек қорларында жүргізілді. Іздеу "холестерин" немесе "жалпы холестерин" және "суицид" немесе "суицидтік мінез-құлық" кілт сөздері бойынша анықталды. Ағылшын және орыс тілдеріндегі мақалалар енгізіліп, тек ересек пациенттер қатысқан зерттеулер қамтылды. 79 мақаланы талдау нәтижесінде авторлардың көпшілігі (70%) холестерин деңгейімен суицидтік мінез-құлық арасындағы байланысты растайтын қорытындыға келгені анықталды. Алайда, мұндай байланыстың болуын растамайтын бір қатар зерттеулерде бар (17%). Анықталған қарама-қайшылыққа қарамастан, жұмыстың аз бөлігі (13%) шолулармен ұсынылған және бізді қызықтыратын зерттеу сұрағына нақты жауап бере алмайды. Осылайша, анықталған қарама-қайшылықтарды суицидтік мінез-құлықтың күрделі және көпфакторлы екендігімен түсіндіруге болады. Болашақта холестерин деңгейін биомаркер ретінде пайдалану зертханалық маркерді алуға мүмкіндік береді, ол клиникалық бағалаулармен және белгілермен бірге суицидтік мінез-құлқы бар науқастарда уақтылы диагноз қоюға және тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік береді. Алайда, бүгінгі күні бұл қатынастың механизмдері түсініксіз болып тұр, бұл одан әрі ғылыми іздестірудің қажеттілігн білдіреді.

Автор өмірбаяны

О.А. Понамарева, Қарағанды Медицина Университеті

Медицина ғылымдарының кандидаты, Биомедицина кафедрасының меңгерушісі

Жарияланды

2023-09-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Маханова, А., Понамарева O., & Татаева R. (2023). Қан холестеринімен суицидтік мінез-құлық арасындағы байланыс. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 144(3), 95–114. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/432

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)