Ауған соғысы ардагерлерінің ұрыс қимылдарына қатысуы мен кардиометаболикалық және жүрек-қан тамырлары сырқатының қаупі арасындағы байланыс


Қаралымдар: 87 / PDF жүктеулері: 104

Авторлар

Кілт сөздер:

жүрек-қан тамырлары аурулары (ЖҚА), кардиометаболикалық аурулар, соғыс ардагерлері, қатар жүретін аурулар, артериялық гипертензия (АГ), жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА)

Аңдатпа

Соңғы уақытта әлемде қоғамдастықтағы әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістер ұлтаралық, діни, аумақтық және басқа да бірқатар қақтығыстардың көбеюіне әкеліп соқтыруда. Бұл қарама-қайшылықтар мен қарулы қақтығыстар санының артуы адамдардың психикалық және соматикалық денсаулығының бұзылуына әкеледі. Бұдан басқа, Қазақстанда ересектер арасында мезгілсіз өлім-жітімнің ұлғаюында жүрек-қан тамырлары аурулары жетекші орын алады.

Зерттеу нәтижесінде Ауған соғысы ардагерлерінде жүрек-қан тамырлары ауруларының жоғары таралуы анықталды, ардагерлердің 55,9%-ы – артериялық гипертензия (АГ) және 30,7%-ы – жүректің ишемиялық ауруына (ЖИА) жиі диагноз қойылды. Екінші, коморбидтік (қосарлас) жағдай: ЖИА және цереброваскулярлық аурулармен (100%-да), ЖИА және АГ екінші орында (82,4%-да), содан кейін пайда болу жиілігі бойынша – остеоартрит (35,8%-да), жүйке-психиатриялық бұзылулар (27,5%-да) 2-типті қант диабеті (18,3%-да) зерттелгендер арасында қатар жүретін жағдайлар саны артып келеді. Тиісінше, аурудың клиникалық көрінісі өзгереді, бұл ауруханаға жатқызу жиілігінің жоғарылауына, стационарлық емдеу ұзақтығына әкеліп, пациенттердің дәрілік терапиясының тиімділігі төмендейді.

Өткен уақыттың ұзақтығына қарамастан, травматикалық оқиға соғыс ардагерлерінің психоэмоционалды және физиологиялық жағдайына әсер етіп, созылмалы түрге ауысады. Кардиологиялық және метаболикалық сырқаттары бар адамдар санатын ертерек анықтау және оңалту шараларын оңтайландыру қажеттілігі ардагерлердің дұрыс күтімін, жалпы әл-ауқатын және өмір сүру сапасын қамтамасыз ету үшін маңызды зерттеу саласы болып қала береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Осадчая, Е., Татаева, Р., & Алехин, А. (2024). Ауған соғысы ардагерлерінің ұрыс қимылдарына қатысуы мен кардиометаболикалық және жүрек-қан тамырлары сырқатының қаупі арасындағы байланыс. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 146(1), 149–159. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/470

Журналдың саны

Бөлім

Статьи