Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның ағаш жартылай қаттықанаттыларының (Hemiptera, Heteroptera) трофикалық байланысы


Қаралымдар: 15 / PDF жүктеулері: 10

Авторлар

Кілт сөздер:

Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, ағаш жартылай қаттықанаттылары, Hemiptera, Heteroptera

Аңдатпа

Ағаш жартылай қаттықанаттылар табиғаттағы жалпы қоректік тізбекте ерекше орыны бар және басқа көптеген тірі ағза түрлерімен тікелей байланысқа түсетін тіршілік дүниесінің бір бөлшегі. Мақалада Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аймағында ағаш жартылай қаттықанаттыларына жүргізілген зерттеу нәтижесінде 7 тұқымдасқа жататын 44 түрінің қоректік байланысы анықталды. Осыған орай жасалған әдеби шолулардың нәтижесінде ағаш жартылай қаттықанаттылардың трофикалық байланысының биологиялық маңыздылығы және экологиядағы рөлі анықталды. Сонымен қоса Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аймағында табылған ағаш жартылай қаттықанаттылардың мекен ететін ортасы және жылына беретін ұрпақ саны, яғни олардың вольтинизмі жайлы сипаттама жасалды. Зерттеудің мақсаты – Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аймағында ағаш жартылай қаттықанаттылардың трофикалық байланысын зерттеп, оларға сиппаттама беру. Бұл ғылыми зерттеу энтомология саласындағы жалпы қабылданған әр түрлі әдістерге сәйкес жүргізілді. Табылған ағаш жартылай қаттықанаттылардың ішінен Ұсақ жыртқыштар (Anthocoridae) тұқымдасынан 4 түр, Жай көзшесіздер (Miridae) тұқымдасынан 20 түр, Қабықасты қандалалар (Aradidae) тұқымдасынан 4 түр, Жер қандалалары (Lygaeidae) тұқымдасынан 4 түр, Кенереулілер (Coreidae) тұқымдасынан 2 түр, Ағаш қалқаншалылар (Acanthosomatidae) тұқымдасынан 3 түр, Нағыз қалқаншалылар (Pentatomidae) тұқымдасынан 7 түр анықталды. Бұлардың ішінде 7 түр – зоофагтар, 11 түр – зоофитофагтар, 4 түр – мицетофагтар, 22 түр – фитофагтар (тар олигофитофагтар – 6, кең олигофитофагтар – 7, полифитофагтар – 9) болып шықты. Зерттеудің нәтижелері ағаш жартылай қаттықанаттылардың пайдалы немесе зиянкес түрлерін ажыратуға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қорғанбек, Х., & Есенбекова, П. (2024). Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның ағаш жартылай қаттықанаттыларының (Hemiptera, Heteroptera) трофикалық байланысы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 148(3), 44–57. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/566

Журналдың саны

Бөлім

Статьи