Суицидтің нейробиологиялық негіздері
Қаралымдар: 144 / PDF жүктеулері: 119
Кілт сөздер:
суицид, нейротрансмиттерлер, гормондар, гипофиз-бүйрек үсті осі, серотонин, кортизол, қабыну, интерлейкиндерАңдатпа
Шолу мақаласында суицидтік мінез-құлықтың қалыптасуының биологиялық факторлары мен патофизиологиялық механизмдері қарастырылған. Қазіргі өмірдің күйзелісі, оның негізінде психоәлеуметтік жағдайдың қалыптасуы, адамның биологиялық мәніне әсер ететін белгілі бір биологиялық механизмдер арқылы жүзеге асырылады. Көптеген әдеби деректерге сәйкес, суицид жағдайында патологиялық процеске тек орталық жүйке жүйесі ғана емес, сонымен қатар әртүрлі перифериялық компоненттер - организмнің перифериялық серотонин, триптофан, нейрокинурениндер, кортизол сияқты метаболикалық жүйелері де қатысады. Сонымен қатар, өзін-өзіне қол жұмсаудың маңызды факторы болып табылатын психикалық бұзылулардағы қабыну процесінің үлесі қызығушылық тудырады, атап айтқанда, иммунитет, цитокиндік жүйе, нейрогормональды реакциялар, сонымен қатар ішек-ми осінің құрамдас бөлігі ретінде, ішек микрофлорасы. Барлық осы байланыстар көп қырлы және суицидтік перифериялық белгілерді іздеуге мол мүмкіншілік береді.
Әдебиеттерді іздеу Web of Science, PubMed, Scopus, eLibrary дерекқорларында жүргізілді.