Ертіс өзені жайылмасының иксодты кенелері (Acari, Ixodidae)


Қаралымдар: 23 / PDF жүктеулері: 10

Авторлар

Кілт сөздер:

Иксодид кенелері, таратушылар, эктопаразиттер, ансорғыш буынаяқтылар, ртіс өңірінің акарофаунасы

Аңдатпа

Қансорғыш кенелер биоценоздың құрамдас бөлігі болып табылады және вирустарды, бактерияларды және қарапайымдыларды бір организмнен екінші организмге тасымалдауда рөл атқарады. Бүкіл әлемде зооноздық инфекциялар, соның ішінде тасымалдаушы инфекциялар мәселесі бар. Қазақстанда иксодты кенелері арқылы таралатын бірнеше тасымалдаушы инфекция ошақтары бар. Республиканың шығыс аймағында бұл туляремияның, кене энцефалитінің, риккетсиоздың, адамдағы боррелиоздың және үй жануарларының қан-паразиттік ауруларының табиғи ошақтары, олардың негізгі тасымалдаушылары иксоидтық кенелер. Иксодты кенелердің маңызды эпидемиологиялық және эпизоотологиялық маңызына қарамастан, Ертіс өңірінің акарофаунасы осы уақытқа дейін жете зерттелмеген. 2023 жылы Ертіс өзенінің жайылмасында, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізілген зерттеулерде 4 тұқымдасқа жататын иксодты кенелердің 8 түрі анықталды. Кенелер негізінен үй шаруашылықтарынан және елді мекендердің маңайынан жиналды. Екі аймақтың фаунасына салыстырмалы сипаттама жүргізіліп, кейбір айырмашылықтары анықталды. Шығыс Қазақстан облысының кене фаунасы төрт түрмен ұсынылған: Hyalomma scupense, Dermacentor marginatus, D. nuttalli, Haemaphysalis punctata. H. scupense сан жағынан басым болып шықты. Павлодар облысында 5 түрі атап өтілді: Dermacentor marginatus, D. reticulatus, Haemaphysalis concinna, H. erinacei, Rhipicephalus pumillio. H. concinna саны бойынша басым болды. Облыс үшін екі жаңа түрі анықталды: Hyalomma scupense – Шығыс Қазақстан облысында және H. erinacei – Павлодар облысында.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Саякова Z., Асылбек A., & Есжанов A. (2024). Ертіс өзені жайылмасының иксодты кенелері (Acari, Ixodidae). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 149(4), 75–92. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/614

Журналдың саны

Бөлім

Статьи