Алматы облысының тау бөктерлерінде мекендейтін сарышұнақтың қорек құрамының ерекшеліктері
Қаралымдар: 81 / PDF жүктеулері: 23
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-137-4-32-38Кілт сөздер:
Іле Алатауы, сарышұнақ, жайылым, өсімдік жамылғысы, қорегі, негізгі қоректерінің химиялық құрамыАңдатпа
Мақалада Іле Алатауының тау бөктерлерінде мекендейтін сарышұнақ қорегінің химиялық және минералдық құрамының ерекшеліктері туралы мәліметтер келтірілген. Зерттеу жұмыстары 2020 жылы тау бөктері-дала, тау бөктері-құрғақ дала, тау бөктері-шөл дала аймақтарындағы бетеге-қоңырбас-қияқ, эфемер-жусан, эспарцет-арпабас-бетеге, селеу-қоңырбас-жусан, дәнді-сарыбасшөп-сарымсақ, жусан-ебелек өсімдіктері ассоциациясы бар жайылымдарында жүргізілді. Негізгі зерттеу әдісі – шөптердің құнарлығы мен химиялық құрамын зерделеу зоотехникалық талдаудың жалпыға бірдей қабылданған әдістерімен талдау. Ол ҚазМШжЖӨҒЗИ (Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми зерттеу институты) ЖШС-дағы азық құрамын химиялық талдау зертханасында өткізілді. Әр түрлі өсу фазасына байланысты қорек түрінің химиялық, минералдық және нәрлілігі зерттеліп анықталды. Сарышұнақ мекендейтін Алматы облысының тау етегіндегі аймақтарының табиғи шөптерінің үлгілері өніп-өсу кезеңінде, мамыр айынан бастап қыркүйек айына дейін 5 рет зерделенді. Алынған нәтижелер өсу аймағына қарамастан, азық бірлігі мен сіңімді протеин бойынша қоректік құндылығы сабақтану кезеңінде болатындығы анықталды. Кейін ол масақтану кезеңінде аздап төмендейді, ал өсімдіктердің қоректік құндылығының төмендеуі гүлдену мен гүлденуден кейінгі кезеңде жүреді. Қоректік құндылығының төмендеуімен қатар құрғақ заттар мен талшықтардың құрамы артады. Шикі және сіңімді белок деңгейімен бірге каротин құрамы да шөптердің вегетация кезеңіндерінде төмендейді. Осыған орай сарышүнақ қорегінің құрамының алмасуы және оның құндылығы жайылым шөптерінің вегетация кезеніне тікелей тәуелді болады және кеміргіштің қорек құрамы да өзгереді.