Салицил және қымыздық қышқылдарының ауру жағдайында бидайдың өнімділігіне әсері
Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 7
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-137-4-105-112Кілт сөздер:
бидай, ауру, тат, жүйелік төзімділік, салицил қышқылы, қымыздық қышқылыАңдатпа
Қазақстан Республикасы-бидай өндіруші және бидай экспорттаушы ірі мемлекет. Бидай - ең маңызды азықтық дақыл. Оның құрамында 75-80% көмірсу, 9-18% ақуыз, талшық, көптеген дәрумендер (әсіресе В тобының дәрумендері), кальций, темір және көптеген макро және микроэлементтер бар. Жапырақтағы саңырауқұлақ аурулары, мысалы, Septoria tritici тудыратын жапырақтың дағы мен Puccinia graminis, Puccinia striiformis және Puccinia triticina туғызатын тат аурулары да жаздық бидайдың өнімін төмендететін себептер болып табылады. Климаттың құрғақ болуына қарамастан, сезімтал сорттарды өсіру нәтижесінде орташа есеппен төрт жылда бір рет тат эпидемиясы пайда болады, 1 миллион гектардан астам аумаққа әсер етеді және бидай өнімділігін 25-30% дейін төмендетеді. Салицил қышқылы мен қымыздық қышқылдары өсімдіктердің өсуін жақсартатаын әсері бар. Біз осы қышқылдардың ауру жағдайында өскен бидай өнімділігіне оң әсер барма деген сұрақ бойынша зерттеу жүргізді. Салицил қышқылы мен қымыздық қышқылдарын бидайдың жапырағы мен тұқымына қолдану өсімдіктердің жалпы өсіуін және өнімділігін едәуір арттырады. Бидай өнімділігі мен өсуін ынталандыратын қасиеттері бар деп есептелетін екі қышқыл (SA және OA) тұқымдық өңдеу мен жапыраққа бүрку арқылы қолданылды . 0,2 мм OA және 0,5 mM SA+ 0,1 mM OA үлгілері бақылау мен салыстырғанда Арай сорттарының барлық өнімділік сипаттамаларында тұқым өңдеуде де, жапырақты бүркуде де жақсы нәтиже көрсетті. Зерттеу нәтижелері бидайдың саңырауқұлақ ауруларымен күресуде пайдалы болады.