Тағам құрамындағы антибиотиктерді иммунобиотехнологиялық әдістермен анықтау


Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • А.Қ. Бұлашев С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-136-3-35-50

Кілт сөздер:

антибиотик, сүт, ет, иммунды-ферментті талдау, иммунохроматографиялық талдау

Аңдатпа

Ветеринарлық тәжірибеде көптеген антибиотиктер емдік немесе профилактикалық препараттар ретінде қолданыс тауып отыр. Олардың кейбіреулері жануарлардың өсуі мен өнімділігін ынталандырушы ретінде де қолданылады. Алайда, антибиотиктерді қолдану ережелерін сақтамау және препарат егілген малды мерзімінен бұрын сою немесе оның сүтін тұтыну адам ағзасына мал өнімдері арқылы дәрілік заттардың қалдық мөлшерлерінің енуіне әкеліп, әр түрлі патологияларды тудыруы мүмкін. Мақалада сүт пен ет өнімдерінде антибиотиктерді анықтауға арналған әдістерді әзірлеу мәселелері бойынша шетелдік беделді журналдарда 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жарияланған ғылыми еңбектерге шолу жасалынған. Мақала авторы әдеби шолу және жеке зерттеулерінің нәтижелеріне сүйене отырып, иммунды ферменттік талдау (ИФТ) қойылымдарының аспаптық аналитикалық әдістерге қарағанда, айталық тандемді масс-спектрометрия-сұйық хроматография және жоғары өнімді сұйық хроматографиямен салыстырғанда артықшылықтарын атап өткен. Алайда,  талдау процедурасының күрделілігіне байланысты ИФТ жинақтары Қазақстан Республикасы мен ТМД-ның басқа елдерінің азық-түлік қауіпсіздігі зертханаларында қолданыс таба алмай келеді. Осыған орай, шолу мақаласында иммунохроматографиялық талдауды (ИХТ) қолдану негізінде мал  өнімдеріндегі  антибиотиктердің шекті рұқсат етілген мөлшерін (ШРМ) анықтау үшін қарапайым экспресс-тестілерді (сыналымдарды) әзірлеу және жетілдіру мүмкіншіліктері талқыланады. ИФТ-ға сезімталдығы жағынан кем түспейтін, ал  бағасы бойынша ұтымдырақ мұндай сыналымдарды тек зертханалар ғана емес, сонымен қатар кез-келген азық-түлік тұтынушысы да қолдана алады, ал бұл жағдайхалықтың денсаулығын сенімді қорғауға және мал шаруашылығының дамуына оң ықпалын тигізбек.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-01-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бұлашев, А. (2025). Тағам құрамындағы антибиотиктерді иммунобиотехнологиялық әдістермен анықтау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 136(3), 35–50. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-136-3-35-50

Журналдың саны

Бөлім

Статьи