BBSV вирусы жұғымдалу барысындағы HSP17.6 ақуызының механизміне анализ жасау
Қаралымдар: 5 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-135-2-38-47Кілт сөздер:
HSP17.6 ақуызы, BBSV, фолдинг, жұғымдалу механизмі, локализацияАңдатпа
BBSV (Beet black scorch virus-BBSV) вирусы дүние жүзіне кең таралған қант қызылшасының вирусы болып, қызылшаның қант өндірісіне ауыр экономикалық зиян тудырып, қатысты саладағы зерттеушілердің назарын аударды. Модель өсімдік Nicotiana Benthamiana-дан пайдаланып вирустың жұғымдалу барысы мен өсімдіктің ауруға қарсы тұру механизмін зерттеу өте зор ғылыми маңызға ие. Бұдан бұрынғы зерттеулер BBSV вирусымен жұғымдалудан бұрынғы және жұғымдалғаннан кейінгі Nicotiana Benthamiana-ға транскриптом секвенирлеу технологиясымен талдау жасау арқылы HSP17.6 ақуызының мөлшері BBSV вирусымен жұғымдалған өсімдікте көрнекті артатынын байқаған.
HSP17.6 ақуызының вирустың жұғымдалуы мен өсімдіктің ауруға қарсы тұру барысындағы рөлін түсіну үшін, HSP17.6 ақуызымен HSP70, HSP90 және BBSV вирусын құрайтын ақуыздардың (BBSV encoded proteins) арасындағы өзара әсер ету жағдайын зерттедік. Зерттеу нәтижесі HSP17.6 ақуызынің HSP70, HSP90 ақуызымен өзара әрекеттесетінін (interactions), бірақ BBSV вирусының құрылымдық ақуыздарымен (BBSV encoded proteins) әрекеттеспейтінін көрсетті.
Тәжірибе нәтижесіне және бұрынғы зерттеулерге негізделгенде, HSP70 және HSP90 ақуыздарына көмекшілік рөл атқаратын HSP17.6 ақуызы молекулалық шаперон (molecular chaperone) қызметін атқару арқылы BBSV вирусының жұғымдалуы мен көбеюіне қажетті құрылымдық ақуыздарының фолдингіне (fold) көмектеседі.