Алматы облысының жойылмаған және тыйым салынған пестицидтермен ластанған аумағында ұсталатын қойлардың цитогенетикалық бұзылулары


Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Р.Ж. Жапбасов Жалпы генетика және цитология институты
  • А.А. Корнилова Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.М. Жомартов Жалпы генетика және цитология институты
  • К.Ж. Досыбаев Жалпы генетика және цитология институты
  • Л.Б. Джансугурова Жалпы генетика және цитология институты
  • Б.О. Бекманов Жалпы генетика және цитология институты

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-135-2-48-62

Кілт сөздер:

қойлар, пестицидтер, перифериялық қанның лимфоциттері, хромосомдық аберрациялар, геномдық мутациялар, цитогенетика

Аңдатпа

Мақалада Алматы облысының аумағындағы елді мекендерде орналасқан тыйым салынған және жойылмаған пестицидтердің қоймалары бар жерлерде өсірілетін ауыл шаруашылық малдарына осы пестицидтердің генотоксикалық әсерлері зерттелді. Үш мониторингтік нүктелерден 27 қойдың қан үлгілеріндегі жеке жасушаларда геномдық мутациялар мен хромосомдық аберрациялардың болуына талдау жүргізілді. Жасушаларды өсіру және препараттарды дайындау стандартты цитогенетикалық әдістермен жүргізілді.

Жануарлардың эксперименталды топтарының қан жүйесінде геномдық мутациялардың туындау жиілігін бақылау тобында орташа есеппен 1,98 есе, ал хромосомдық аберрациялар - 4,1 есе артты. Гиподиплоидты жасушалардың үлесі геномдық мутациялардың жалпы санының 70% құрады. Полиплоидия - 27,9% дейін, ал гипердиплоидия жеке жасушаларда кездесті. Жалпы цитогенетикалық тұрақсыздық көрсеткіштерін есептеу гипердиплоидия мен хромосомдық аберрация осы көрсеткіштің негізгі компоненттері болып табылатынын көрсетті, ол орташа есеппен үш мониторингтік учаскелер бойынша бақылау деректерінен 4,14 есе асып түсті. Деректерді статистикалық өңдеу қой ағзасына тыйым салынған және жойылмаған пестицидтердің кластогенді, анеогенді және мутагенді жағынан әсер ететінін көрсетті.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-02-16

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жапбасов R. ., Корнилова A., Жомартов A. ., Досыбаев K. ., Джансугурова L. ., & Бекманов B. . (2023). Алматы облысының жойылмаған және тыйым салынған пестицидтермен ластанған аумағында ұсталатын қойлардың цитогенетикалық бұзылулары . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 135(2), 48–62. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-135-2-48-62

Журналдың саны

Бөлім

Статьи