Балалар тағамында ешкі сүті негізіндегі сүт қышқылды өнімдерін қолдану тәжірбесі


Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 2

Авторлар

  • Ю.А. Синявский ШЖС «Қазақ тағамтану академиясы»
  • М.Ж. Нурушев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Э.С. Мухамбетова ШЖС «Қазақ тағамтану академиясы»
  • С.К. Кенжебаева МҚМ «Арнайы балалар үйі»
  • А.Н. Смагулова МҚМ «Арнайы балалар үйі»
  • С.А. Надирова ШЖС «Қазақ тағамтану академиясы»
  • А.Б. Бердыгалиев ШЖС «Қазақ тағамтану академиясы»
  • Е.А. Дерипаскина ШЖС «Қазақ тағамтану академиясы»
  • С.М. Бармак ШЖС «Қазақ тағамтану академиясы»

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-134-1-20-29

Кілт сөздер:

ешкі сүті, балалар тағамы, сүт өнімдері, дисбактериоз, иммунитеттің жағдайы, биохимиялық көрсеткіштер

Аңдатпа

Барлық жас топтары балаларының рационына ешкі сүті мен оның негіздегі өнімдерді қосу қажеттілігі олардың жоғары тағамдық және биологиялық құндылығымен, төмен аллергенділігі ме негізделген. Зерттеудің мақсаты – балалардың денсаулығына ешкі сүті негіздегі балаларға арналған ашытылған сүт өнімдерінің клиникалық тиімділігін бағалау. 8 айдан 4 жасқа дейінгі Нұр-Сұлтан қаласының арнайы балалар үйінің 30 балалары өнімдерді екі ай бойы қабылдап, ешкі сүті негіздегі ашытылған сүт өнімдерінің тері жағдайына, нәжіс микробиологиясына, қанның биохимиялық көрсеткіштеріне, АЛТ,
АСТ сияқты трансаминазалар белсенділігіне, жалпы билирубинге, несепнәрге, жалпы ақуызға, жалпы қан сарысуының темірмен байланысу қабілетіне, альбуминге, глюкоза деңгейіне, сонымен қатар, Е иммуноглобулинінің деңгейіне, жасушалық және гуморальдық жүйіенің көрсеткіштеріне әсерін зерттеу жүргізілді. Алынған нәтижелерді талдау көрсеткендей, Нұр-Сұлтан қаласындағы арнайы балалар үйінің тәрбиеленушілері ашытылған сүт өнімдерін 60 күндік қабылдаудан кейін, олардың тері жағдайында оң динамика байқалды, ас қорыту жүйесінің функционалдық бұзылыстары бәсендеді, ішектің дисбиотикалық бұзылыстары төмендеді. Қанның биохимиялық параметрлері жағынан гемоглобин, эритроциттер, гематокрит, ақуыз, кальций және темір деңгейінің, сондай-ақ бауыр трансаминазаларының деңгейі
өзгеруінде оң динамика байқалды. Қандағы Е иммуноглобулинінің деңгейі төмендеді, бұл организмге аллергиялық жүктеменің төмендеуін көрсетеді және иммунитеттің жасушалық жүйесінің көрсеткіштері қалыпына келді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-02-04

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Синявский, Ю., Нурушев, М., Мухамбетова, Э., Кенжебаева, С., Смагулова, А., Надирова, С., Бердыгалиев, А., Дерипаскина, Е., & Бармак, С. (2025). Балалар тағамында ешкі сүті негізіндегі сүт қышқылды өнімдерін қолдану тәжірбесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 134(1), 20–29. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-134-1-20-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи