Молекулярлық диагностикада қолданылатын перспективалы протеаздың продуценттерін іздеу
Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
штаммдар, протеаздар, культивирлеу, ферменттер, ақуыздар, скринингАңдатпа
Мақалада өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында көптеген биотехнологиялық әдістер микробтық тектес ферменттер жүзеге асыратын каталитикалық процестерге негізделуі қарастырылады. Қазіргі уақытта протеолитикалық әсер ететін ферменттік препараттарға ерекше мән беріледі, бұл әртүрлі салаларда оларды көп мақсатты қолданудың нақты шамадағы мүмкіндіктеріне байланысты. Соңғы жылдары протеолитикалық ферменттерді іргелі және қолданбалы медициналық зерттеулерде қолдану-адам ағзасындағы өмірлік маңызды ақуыздарды анықтау аса өзекті болып табылады. Бұл жұмыста ең келешегі бар штамм-протеолитикалық ферменттердің продуценті іріктеледі. Табиғи көздерден (Түркістан облысының топырағынан) бөлінген жергілікті штаммдармен түзілетін протеолитикалық ферменттердің белсенділігін зерттеу қарастырылады. Протеиназдың белсенді продуценттері бактериялар, микроскопиялық саңырауқұлақтар және актиномицеттер болып табылады. Протеаз биосинтезге қабілеттілігі жоғары дәрежеде Aspergillus текті микроскопиялық саңырауқұлақтар бар. Егістік материал ретінде саңырауқұлақтардың өсуінен кейін алынған сулы споралардан құралған суспензия қолданылады. Продуцент штаммын таңдау оның ферментациялық ортада протеаз белсенділігінің жеткілікті жоғары деңгейін қамтамасыз ету қабілетімен, пайдаланылатын субстрат массасының бірлігінен ферменттердің пайда
болу жылдамдығымен, сонымен қатар, субстраттардың өз құнымен анықталады.