Өсімдіктің патогенге төзімділігіндегі антоцианиндердің рөлі


Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 13

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-150-1-117-133

Кілт сөздер:

Nicotiana Benthamiana, вирус, TBSV, биотикалық стресс ОБТ, H₂O₂, антоцианин

Аңдатпа

Вирустық инфекциялар Қазақстанда және бүкіл әлемде ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуіне, дамуына және өнімділігіне теріс әсер ет іп, өсімдік шаруашылығына үлкен қауіп төндіреді. Құрғақшылық, экстремалды температура, топырақтың тұзд ануы және ауру қоздырғыштарының инвазиясы сияқты көптеген стресс жағдайында вирустар өсімдіктердің метаболизм жолдарын бұзу және қолайсыз факторларға төзімділігін төмендету арқылы физиологиялық өзгерістерді күшейтеді. Өсімдіктердің қорғаныс механизмдеріне қатысатын маңызды қосылыстардың антоцианиндердің биосинтезіне вирустық инфекциялардың әсеріне ерекше назар аударылады. Бұл жұмыста қызанақтың бұталы ергежейлігінің вирусын (ТBSV) зақымдау үлгі сі өсімдіктің ортаңғы жапырақтарын басқа жапырақтармен салыстырғанда көбірек зақымдайтыны, ал үстіңгі жапырақтардың өспейтіндігі көрсетілген. Сонымен қатар, ортаңғы жапырақтарда некроз байқалады, бұл одан әрі бағдарламаланған жасушалардың жойылуына (ПКД) әкеледі. Сонымен қатар, TBSV инфекциясы Nicotiana benthamiana өсімдіктерінде сутегі асқын тотығы деңгейінің айтарлықтай жоғарылауына және антоцианиннің жиналуына әкеледі. Бұл өзгерістер тотығу-тотықсыздану тепе-теңдігінің бұзылуын және вирустық инфекцияға жауап ретінде қорғаныс реакцияларының белсендірілуін көрсетеді. Нәтижелер өсімдіктің вирустық инфекцияларға және басқа да стресс факторларына төзімділігін арттыру стратегияларын әзірлеу үшін вирус пен өсімдіктердің өзара әрекеттесуін зерттеудің маңыздылығын көрсетеді.

Жарияланды

2025-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бейсекова M., Самат A., Курманбаева, А. ., Бектурова A., Иқсат N., Жангазин S. ., & Масалимов Z. (2025). Өсімдіктің патогенге төзімділігіндегі антоцианиндердің рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 150(1), 117–133. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-150-1-117-133

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)