Астана қаласындағы көпсалалы ауруханада Acinetobacter baumannii таралуы мен антибиотиктерге төзімділігін бақылау
Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 4
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-150-1-83-100Кілт сөздер:
ауруханаішілік инфекциялар, Acinetobacter baumannii, антибиотиктерге төзімділік, карбапенемдер, колистин, көп резистенттілікАңдатпа
Acinetobacter baumannii иммунитеті төмен науқастарда, әсіресе реанимация бөлімшелерінде өлімге әкелетін ең қауіпті ауруханаішілік инфекциялардың бірі болып табылады. Көптеген штамдар карбапенемдерге, «соңғы шараның антибиотиктеріне» төзімді. Бұл науқастарды емдеуді өте қиындатады. Осыған байланысты 2015-2022 жылдар аралығында балалар кардиохирургиялық бөлімшесінің (БКХБ) және анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің (АРҚТБ) пациенттеріндегі A. baumannii штамдарының оқшаулану жиілігі мен төзімділік деңгейі зерттелді. АРҚТБ және БКХБ жатқызылған ересек пациенттерден және 8 жыл бойы алынған патогенді флораны бөліп алу үшін әртүрлі биоматериалдардың бактериологиялық нәтижелеріне антибиотикке сезімталдықты анықтау арқылы ретроспективті талдау жүргізілді. Барлығы 8696 клиникалық изоляттар оқшауланды, оның ішінде A. baumannii 629 жағдайды құрады, негізінен АРҚТБ (203) және БКХБ (426). Сәйкестендіру «Vitek 2 – Compact» микробиологиялық анализаторында (bioMerieux, Marcy I'Etoile, Франция) жүргізілді. Микробқа қарсы белсенділік ең аз ингибиторлық концентрация әдісімен («Vitek 2 – Compact») сыналды. Изоляттардың таралуын талдау АРҚТБ және БКХБ бөлімде A. baumannii анықтау жиілігінде айтарлықтай айырмашылықты көрсетеді: АРҚТБ – 13,5%, БКХБ – 5,8%. Антибиотиктерге төзімділік талдауы барлық қолданылатын антибиотиктерге төзімділіктің жоғарылауын анықтады, әсіресе АРҚТБ-де левофлоксацинге төзімділік 93,3%, меропенемге – 92,8%, гентамицинге – 90,6%, ципрофлоксацин – 89,7% және имипенемге – 86,1% құрады. БКХБ-де төзімділіктің жоғарылауы да тіркелді, бірақ 27% шегінде. Осылайша, A. baumannii-ның АРҚТБ-да оқшаулану жиілігінің салыстырмалы талдауы БКХБ қарағанда жоғары болды.