Лерха жусан-еркек бидайық (Agropyron sibiricum, Artemisia lerchiana) қауымдастығындағы органикалық заттардың қор динамикасы


Қаралымдар: 66 / PDF жүктеулері: 24

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-151-2-93-110

Кілт сөздер:

флора, жасыл масса (G), қураған бөлім (D), төсеніш (L), тірі тамыр (R), өлі тамыр (V), өнімділік-деструкциялық процесc

Аңдатпа

Мақалада Лерха жусан-еркек бидайық (Agropyron sibiricum, Artemisia lerchiana) қауымдастығының шала шайылған, ауыр саздақты қара-қоңыр топырағы, оның флорасы, органикалық заттардың қор динамикасы зерттелді. Бұл зерттеу жұмыстары Л.Е. Родин, Н.И. Базилевич, Н.П. Ремезов еңбектеріндегі әдістер бойынша зерттеулер жүргізілді. Топырағының морфологиялық белгілерін, қара шірік мөлшері, химиялық құрамы қарастырылды. Лерха жусанды-еркек бидайық (Artemisia lerchiana, Agropyron sibiricum) қауымдастығының флорасы бойынша, түр саны-29. Проективті жамылғысы 50-60%, шынайы жамылғысы-40-45%. Өсімдіктер қауымдастықтары қоршаған орта факторларының әсерінен өзгеріске түсіп, түр алуандылығы азаяды, биологиялық өнімділік төмендейді, химиялық элементтердің айналымы өзгеріп, мал азықтық маңызы бар өсімдіктерді арам шөптер алмастыруда. Жүргізілген зерттеулер жайылымның өнімділігін анықтауға, өсімдік және топырақ жамылғысының қазіргі жағдайының бағасын, антропогенді өзгерістердің деңгейін анықтауға және өсімдік қауымдастықтарының биологиялық әртүрлілікті сақтау шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Скачать XML

Жарияланды

2025-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Утеулиева, Д. ., Ихласова, Ж., Бисенгазиева, А. ., Бохорова, С. ., Құрмекеш, Ә., Туякбаева, А. ., & Хан, С. . (2025). Лерха жусан-еркек бидайық (Agropyron sibiricum, Artemisia lerchiana) қауымдастығындағы органикалық заттардың қор динамикасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 151(2), 93–110. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-151-2-93-110

Журналдың саны

Бөлім

Статьи