Пробиотикалық препараттың дисбактериоз жағдайындағы терапиялық белсенділігін зерттеу


Қаралымдар: 96 / PDF жүктеулері: 53

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-152-3-76-86

Кілт сөздер:

пробиотик, дисбактериоз, ішек микробиотасы, микробиологиялық талдау, микрофлора теңгерімі, терапиялық белсенділік

Аңдатпа

Ішек микробиотасының теңгерімсіздігі көптеген созылмалы аурулардың дамуына әкелуі мүмкін, сондықтан оның қалыпты құрамын қалпына келтіру бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Пробиотикалық терапия ішек биоценозын тиімді реттеудің ғылыми негізделген және қауіпсіз әдісі ретінде кеңінен зерттелуде. Осы бағытта пробиотиктің терапиялық белсенділігін бағалау мақсатында антибиотиктермен индуцирленген ішек дисбактериозы жағдайында зерттеліп отырған препараттың құрғақ ұнтағы in vivo модельде зерттелді. Зерттеу үшін салмағы 200–300 г аралығындағы әр жыныстағы ақ, тұқымсыз зертханалық егеуқұйрықтар қолданылды. Эксперименттің 1, 8, 14 және 18-ші күндерінде ішек микробиотасын микробиологиялық зерттеулерге арналған биологиялық материал (нәжіс) алынды. Жануарлар келесі топтарға бөлінді: бақылау тобы (оң бақылау – физиологиялық ерітінді) және эксперименттік топ (пробиотик 1×10⁹ КҚБ/г). Нәжіс құрамына микробиологиялық зерттеулер жүргізу үшін 8 түрлі селективті қоректік ортаға себінділер жасалды. Дисбактериоз кезеңінде шартты-патогенді микроорганизмдер – Clostridium spp. және Salmonella spp. (бақылау тобында 9,75±0,31 lg КҚБ/г), Staphylococcus spp. (8,13±0,27 lg КҚБ/г), Enterococcus spp. (8,58±0,32 lg КҚБ/г), Klebsiella spp. және Enterobacter spp.(9,03±0,48 lg КҚБ/г), E. coli (8,46±0,45 lg КҚБ/г) айтарлықтай артты. Ал емдеу кезеңінің соңында эксперименттік топта бұл көрсеткіштердің едәуір төмендеуі байқалды: Clostridium spp. – 7,91±0,34 lg КҚБ/г, Staphylococcus spp. – 6,07±0,30 lg КҚБ/г, Klebsiella spp. – 5,33±0,56 lg КҚБ/г, E. coli – 6,92±0,44 lg КҚБ/г. Сонымен қатар, пайдалы Lactobacillus spp. саны бастапқы 8,57±0,37 lg КҚБ/г көрсеткіштен соңында 9,00±0,50-ге lg КҚБ/г дейін артқанын көрсетті. Жануарларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, лактобактерияларға негізделген жаңа пробиотиктің антибиотикпен индуцирленген ішек дисбактериозын түзетуде тиімділік көрсетіп, микробиомның тепе-теңдігін қалпына келтіруге ықпал ететінін дәлелдеді.

Жүктеулер

Скачать XML

Жарияланды

2025-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Байқоныс, Б. . ., Құрманғали, Д. ., Туякова, А. ., Бекшин, Ж. ., & Абитаева, Г. (2025). Пробиотикалық препараттың дисбактериоз жағдайындағы терапиялық белсенділігін зерттеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 152(3), 76–86. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-152-3-76-86

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)