Канадалық ирганың (Amelanchier canadensis) in vitro микрокөбеюі: өркендердің индукциясы үшін цитокинді-акусиндік комбинацияларды оңтайландыру


Қаралымдар: 50 / PDF жүктеулері: 32

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-153-4-24-37

Кілт сөздер:

Amelanchier Canadensis, 6-бензиламинопурин, нафтилсірке қышқылы, гибберелин қышқылы, микро өсінділер, микрокөбейту, фотокезең

Аңдатпа

Мақалада Amelanchier canadensis үш сортын in vitro жағдайында микрокөбейту шарттарын оңтайландыру бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілген. 6-бензиламинопуриннің (БАП) әртүрлі концентрациялары енгізілген Мурасиге және Скуг модификацияланған қоректік ортасының экспланттардың морфогенетикалық белсенділігіне дифференциялды әсер ететіні анықталды. Martin және Slate сорттары үшін 1,0 мг/л BAP және GA₃ – 0,5 мг/л концентрациясында пайдалану ең тиімді комбинация, ал Northline сорты үшін оңтайлы концентрация 0,5 мг/л BAP және 0,5 мг/л GA₃ болды. BAP концентрациясының 1,0 мг/л-ден жоғарылауы түзілген микро өсінділердің ұзындығының да, санының да төмендеуіне әкелетіні көрсетілген. Алынған нәтижелерді ирганың осы сорттарын жаппай көбейту және сақтау үшін пайдалануға болады.

Жарияланды

2025-12-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Беркімбай, Х. ., Тезекбаева, Б. ., Хасейн, А. ., & Малахова, Н. . (2025). Канадалық ирганың (Amelanchier canadensis) in vitro микрокөбеюі: өркендердің индукциясы үшін цитокинді-акусиндік комбинацияларды оңтайландыру. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 153(4), 24–37. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-153-4-24-37

Журналдың саны

Бөлім

Статьи