Apollo (SNM1B) рекомбинантты белогының экспрессиясын және тазалығын аффинді хроматография әдісімен оңтайландыру
Қаралымдар: 32 / PDF жүктеулері: 25
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-153-4-38-53Кілт сөздер:
ДНҚ жөндеу, Apollo, SNM1B, бүйрек жасушалық карцинома, ДНҚ зақымы, TRF2 белогыАңдатпа
Apollo (SNM1B деп те аталады) – теломерлердің тұрақтылығын қамтамасыз етуде және ДНҚ-ны жөндеуде қатысатын нуклеаза. Бұл белоктың функциясының бұзылуы бірқатар патологиялардың, соның ішінде бүйрек жасушалық карциноманың дамуына байланысты. Бұл белокқа деген қызығушылық ісікке қарсы терапияның нысанасы ретіндегі потенциалды функциясына байланысты артты. Осы зерттеу рекомбинантты Apollo (SNM1B) WT белогының экспрессиясы мен тазалығын аффинді хроматография әдісі арқылы оңтайландыруға бағытталған. Белоктың өндірісі үшін pET28c-hSNM1BcoCut және pETHSUL-hSNM1BcoCut экспрессиялық конструкциялары Escherichia coli (E. coli) Rosetta2 (DE3) және NovaXG штаммдарына трансформацияланды. IPTG концентрациясы, инкубация температурасы, NP-40 детергентінің, глицерин мен мочевинаның болуы және индукциядан кейінгі инкубация ұзақтығы сияқты параметрлердің өзгерістері еритін рекомбинантты белокты алу үшін оңтайлы жағдайларды анықтау мақсатында жүйелі түрде зерттелді. Тазалау процесі Ni-NTA аффиндік хроматографиясын қолдану арқылы жүргізілді. Белоктың тазалығы мен ерігіштігі SDS-PAGE әдісі арқылы бағаланды. Алынған мәліметтер функционалды және жоғары тазартылған Apollo белогын алу үшін тиімді шарттарды анықтауға мүмкіндік берді, бұл келесі биохимиялық зерттеулерге, соның ішінде онкотерапия үшін ингибиторларды скринингтеуге мүмкіндік береді.






