HLA жүйесі номенклатурасы және қазақ популяциясында жаңа аллельдік түрлерінің анықталуы
Қаралымдар: 64 / PDF жүктеулері: 41
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-153-4-94-117Кілт сөздер:
Аллельдік түрлер, HLA типтеу, IPD-IMGT/HLA деректер базасы, Қазақстан, жаңа буынды секвенирлеу (NGS)Аңдатпа
Адам лейкоцитарлық антигендер жүйесі (HLA) - адам ағзасындағы ең генетикалық тұрғыда әртүрлі жүйелердің бірі. Ол 220-дан астам генді қамтиды және трансплантациялық сәйкестікке, иммундық жауаптың реттелуіне және әртүрлі ауруларға бейімділікке жауапты иммундық ақуыздарды кодтайды. Бұл шолуда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бекіткен және IPD-IMGT/HLA деректер базасында сақталатын HLA номенклатурасының негіздері баяндалады. Сондай-ақ, HLA типтеу әдістерінің дамуы — серологиялық талдаулардан бастап Сэнгер секвенирлеуі мен жаңа буын секвенирлеуіне (NGS) дейінгі технологиялық жетілдірулер қарастырылған. Деректерді интерпретациялауға арналған бағдарламалық құралдардың мүмкіндіктері мен олардың артықшылықтары мен шектеулері талданады. Зерттеу барысында HLA гендерінің аллельдік варианттары, олардың секвенирлеу әдістері мен талдау тәсілдері сипатталады. Сонымен қатар, қазақ популяциясында төрт жаңа HLA аллелі анықталды: DQB1*03:82, C*06:256, B*13:150 және A*32:95. Бұл аллельдердің барлығында пептид байланыстыру домендерінде мағынасын өзгертетін ауысулар барын және бұл олардың иммунологиялық маңыздылығын көрсетуі мүмкін. Салыстырмалы талдау нәтижелері көрсеткендей, NGS технологиясын қолдану жаңа аллельдерді анықтау тиімділігін 2,8 есеге арттырады (әрбір 635 типтеуге бір жаңа аллель, ал Сэнгер әдісінде – 1773 типтеуге бір жаңа аллель). Бұл нәтижелер Орталық Азия халықтарындағы HLA жүйесінің жоғары генетикалық әртүрлілігін айғақтайды. Аталған аймақтар халықаралық деректер базасында жеткіліксіз қамтылғандықтан, этникалық тұрғыдан алуан түрлі популяцияларда HLA-профильдеуді кеңейту қажеттілігі туындайды. Бұл өз кезегінде трансплантация нәтижелерін жақсартуға және жекелендірілген иммунотерапияны дамытуға ықпал етеді.






