Сүтқышқылды бактериялардың пробиотикалық әлеуетін бағалау
Қаралымдар: 104 / PDF жүктеулері: 60
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-154-1-48-62Кілт сөздер:
сүтқышқылды бактериялар, Lactobacillus, пробиотикалық әлеует, қышқылға төзімділік, өт тұздары, адгезия, Тернер әдісіАңдатпа
Бүгінгі таңда пробиотикалық микроорганизмдер, оның ішінде сүтқышқылды бактериялар, тағам өнеркәсібінде және биотехнологияда ерекше маңызға ие болып келеді. Олар асқазан-ішек жолдарының микрофлорасын қалыптастыруда, патогенді микроорганизмдердің көбеюін тежеуде, қоректік заттардың сіңуін жақсартуда және тұтынушылардың жалпы денсаулығына ықпал етуде маңызды рөл атқарады. Пробиотикалық штамдарды тиімді таңдау олардың физиологиялық тұрақтылығына (қышқылдар мен өт тұздары), адгезия қабілетіне және технологиялық қасиеттеріне негізделген. Осыған байланысты сүтқышқыл бактериялардың пробиотикалық потенциалын кешенді бағалау тағамдық өнімдерге енгізу үшін перспективалы штаммдарды таңдаудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл зерттеуде Lactobacillus acidophilus SLA, Lacticaseibacillus casei SLC және Lactobacillus delbrueckii subsp. bulgaricus SSV (бұдан әрі Lactobacillus - L) қолданылды. Штаммдардың негізгі пробиотикалық қасиеттері in vitro жағдайында жан-жақты бағаланды. Зерттеу барысында Тернер әдісімен қышқыл түзілу белсенділігі анықталып, асқазан-ішек жолдарының жағдайларын модельдеу үшін қышқылдар мен өт тұздарына төзімділік сынақтары жүргізілді. Эритроциттерге адгезия қабілеті Брилис әдісі бойынша бағаланды. Алынған нәтижелерге сәйкес, L. acidophilus SLA штаммы қышқылдар мен өт тұздарына жоғары төзімділікке ие (pН 2,0-де өміршеңдігі - 82,4%, өт тұздарында 0,5 %-да өміршеңдігі - 90,4%) және адгезияның жоғары деңгейін көрсетті (ОАК = 4,3). L. casei SLC штаммының орташа деңгейде төзімділігі мен адгезиясы болғанымен, L. bulgaricus SSV штаммының қышқыл түзуші белсенділігі жоғары (124 °Т), бірақ стресс факторлары мен адгезияға төзімділігі төмен болды. Жалпы алғанда, деректер сүтқышқылды бактериялардың пробиотикалық потенциалын кешенді бағалау кезінде қышқылдар мен өт тұздарының тұрақтылығы мен адгезиясы сияқты маңызды критерийлерді ескеру қажет екенін көрсетті. Зерттеу нәтижелері L. acidophilus SLA штаммын тағамға енгізуге перспективалы үміткер ретінде бағалауға мүмкіндік береді.






