Escherichia coli жүйесінде рекомбинантты MUTYH белогының тиімді экспрессиясы мен тазартылуы
Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 4
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-155-2-75-90Кілт сөздер:
ДНҚ репарациясы, MUTYH, негіздердің эксцизиялық репарациясы (BER), ДНҚ-ның тотығу арқылы зақымдалуы, рекомбинантты белок экспрессиясы, аффинді хроматография, колоректалды қатерлі ісікАңдатпа
MUTYH – негіздердің эксцизиялық репарациясы (BER) жолына қатысатын ДНҚ гликозилаза болып табылады және 8 оксогуанинмен қате жұптасқан аденинді тану мен алып тастауға жауап береді. MUTYH функциясының бұзылуы немесе патогенді нұсқаларының болуы MUTYH-пен ассоциацияланған полипозбен және колоректалды қатерлі ісіктің даму қаупінің жоғарылауымен байланысты. MUTYH ақуызының рекомбинантты түрде алынуы оны биохимиялық және құрылымдық тұрғыдан зерттеу үшін аса маңызды. Бұл зерттеуде N-соңында 6хHis таңбасы бар адамның рекомбинантты MUTYH белогының экспрессиясы мен тазартылуына арналған протокол әзірленіп, оңтайландырылды. Жаабйы типті MUTYH конструкциялары pET28c экспрессиялық векторына клондалып, Escherichia coli Rosetta (DE3), ArticExpress(DE3) және SHuffle® T7 Express штамдарында экспрессияланды. Төмен температура жағдайында индукция және IPTG концентрацияларын оңтайландыру белок ерігіштігін арттыруға мүмкіндік берді. Рекомбинантты MUTYH Ni2⁺ - аффинді хроматография арқылы тазартылды. SDS-PAGE және Вестерн-блот талдаулары рекомбинантт белоктың жоғары деңгейде экспрессияланғанын және тиімді тазартылғанын, сондай-ақ оның едәуір бөлігі ерігіш күйде алынғанын көрсетті. Оңтайландырылған жұмыс протоколы биохимиялық және құрылымдық зерттеулерге жарамды тазартылған MUTYH белогын алудың қайталынымды әдісін қамтамасыз етеді. Болашақта оның ферментативтік белсенділігін бағалау жоспарлануда.






