Ауыр металлдардың арпаға (Hordeum vulgare L.) тигізітен әсерінің биохимиялық механизмдері


Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-154-1-120-136

Кілт сөздер:

мырыш, мыс, арпа, сульфитоксидаза, ауыр металдар

Аңдатпа

Экожүйенің тұтастығына және тірі организмдердің денсаулығына төнетін негізгі қауіптердің бірі – ауыр металдардың ластануының улы әсері. 1 мМ ZnSO4 және CuSO₄·6H₂O ерітінділері түрінде қолданылатын мырыш және мыс арпаның (Hordeum vulgare L.) Астана-2000 сорты өскіндеріндегі физиологиялық-биохимиялық процестерге дифференциалды әсер етеді. Сульфитоксидаза (СO) құрамында молибден бар фермент, ол сульфитті детоксикациялау мен тотығу-тотықсыздану процестерін реттеуге қатысады, алайда ауыр металл стрессіне оның реакциясы әлі де жеткілікті зерттелмеген. Бұл зерттеудің мақсаты сульфитоксидаза белсенділігінің модуляциясына Zn және Cu әсерін зерттеу болды. Zn және Cu әсерлері орташа стресс тудырып, СO белсенділігін арттыратыны байқалды, бұл сульфиттің детоксикациясын күшейтіп, жасушалардың тотығу-тотықсыздану тепе-теңдігін сақтауға ықпал етуі мүмкін. Бұл нәтижелер Zn және Cu СO реттелуіне әртүрлі әсер ететінін және СO ферментінің ауыр металл стрессі кезінде арпадағы ерте тотығу-тотықсыздану реттелуіне және қорғаныш реакцияларында қатысатыны дәлелдейді. Алынған деректер Zn және Cu өсімдіктермен өзара әрекеттесуін зерттеудің маңыздылығын көрсетіп, ауылшаруашылық дақылдарының Zn және Cu және басқа да стресс факторларына төзімділігін арттыру стратегияларын әзірлеу үшін негіз бола алады.

Жарияланды

2026-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бейсекова M. ., Сату A. ., Қумарғазы K. ., Мамбетова M. ., Самат A. ., Бектурова A. ., Мырзабаева M. ., Акбасова A. ., Масалимов Z. ., & Курманбаева, А. . (2026). Ауыр металлдардың арпаға (Hordeum vulgare L.) тигізітен әсерінің биохимиялық механизмдері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 154(1), 120–136. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-154-1-120-136

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)