Ақтөбе облысындағы сирек кездесетін Linaria cretacea Fisch ex Spreng ценопопуляцияларының онтогенетикалық спектрі
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-154-1-137-146Кілт сөздер:
L. cretacea, ботаникалық әдістер, ценопопуляциялар, онтогенетикалық күйі, жастық құрылымыАңдатпа
Мақалада ерекше қорғауды қажет ететін сирек түр Linaria cretacea өсімдігінің ценопопуляциялары жағдайын ботаникалық әдістермен бағалауға арналған. Ақтөбе облысындағы сирек кездесетін L. cretacea ценопопуляцияларының жастық құрылымы мен онтогенетикалық күйін зерттеу үшін Ешқырғантау борлы массиві популяциялары ішіндегі Аққұдықсай, Қопалы және Өтек ценопопуляцияларына сынақ алаңдары салынды. Тіркелген түр дараларының жастық құрылымы мен онтогенетикалық күйі анықталып, ценопопуляциялардағы демографиялық жағдайды анықтау үшін жастық индексі мен энергетикалық тиімділік индексі, яғни «дельта-омега» мәндері және қалпына келу, алмасу, қартаю көрсеткіштері есептелді. Алынған нәтижелерде ценопопуляциялар ауданындағы түрдің орташа тығыздығы мен үлгі алаңдарындағы әртүрлі жастық күйлеріндегі өсімдіктердің орташа саны есептелді. Ценопопуляциялар бойынша демографиялық жағдайдың өзгерістерін анықтайтын көрсеткіштер анықталды. Ценопопуляцияның топырақ жамылғысы бор дәуірінің шөгінді жыныстарынан түзілген қиыршықты бордан тұрады. L. cretacea өсімдігі популяциялары кездесетін топырақта облигатты кальцефиттерге қарағанда факультативті кальцефиттер екі есе басым екенін көрсетті. Зерттелген сирек кездесетін L. cretacea ценопопуляцияларының базалық спектрлері бір шыңды және жетілген типке жатады. Келешекте, алынған нәтижелерге сүйеніп осы сирек түрді сақтау мен қорғауға ұсыныстар жасауға болады.






