Картоп сорттарының in vitro жағдайындағы морфогенезінің салыстырмалы сипаттамасы


Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 8

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-155-2-176-190

Кілт сөздер:

картоп, in vitro, микроклоналды көбейту, морфогенез, сорттық ерекшелік, ризогенез

Аңдатпа

Бұл мақалада картоптың әртүрлі сорттарының in vitro жағдайындағы морфогенезіне жүргізілген зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – бірдей культивирлеу параметрлері жағдайында микроклоналды көбейту кезінде картоп өсімдіктерінің өсуі мен дамуының сорттық ерекшеліктерін зерттеу және бағалау болып табылады.

Жұмыс барысында микроөсімдіктердің морфометриялық көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жүргізілді, оның ішінде өркендердің биіктігі, буынаралықтардың саны, жапырақ аппаратының қалыптасуы және культуралық өсімдіктердің тамыр жүйесінің даму ерекшеліктері қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде Аризона, Балтик Роуз және Гала сияқты картоп сорттарының өсу қарқыны, өркендердің қалыптасу қарқындылығы және тамыр жүйесінің дамуы бойынша айтарлықтай айырмашылықтары бар екені анықталды. Бұл морфогенетикалық процестердің генотиптік тұрғыдан шартталғанын көрсетеді және картопты микроклоналды көбейту кезінде сортқа тән (сортоспецификалық) хаттамаларды әзірлеу қажеттілігін дәлелдейді. Сонымен қатар, өсімдіктердің өсуі мен дамуы бастапқы экспланттың сипаттамаларына тікелей тәуелді екені анықталды. Алынған нәтижелер картоптың сауықтырылған отырғызу материалын өндіретін өндірістік зертханаларда жұмыс жоспарлау әдістерін жетілдіруге, сондай-ақ оны микроклоналды көбейту технологияларын оңтайландыруға қолданылуы мүмкін.

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жиденко V. ., Аникина I. ., & Ибраева . A. (2026). Картоп сорттарының in vitro жағдайындағы морфогенезінің салыстырмалы сипаттамасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 155(2), 176–190. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-155-2-176-190

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)