Penicillium cyclopium 2-11 штамындағы пектинлиаза ферменттерiнiң биосинтезiндегi фосфордың ролi
Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
пектинлиаза ферменттерi, культура, штамм, қоректiк орта, биосинтез, иммобилизацияАңдатпа
Пектинлиаза ферменттерiнiң түзiлуiне культуралардың оларды түзу
дәрежесiн зерттеуде қоректiк ортаның құрамы шешушi әсерiн тигiзедi және олардың iшiнде
көмiртегiнiң қоректiк көзi елеулi орын алады. P.cyclopium 2-11 штамында ПЛ ферменттерiнiң
белсендi синтезi үшiн қоректiк ортаның құрамына Чапек ортасында көрсетiлгендей емес (0,023
г фосфор), фосфордың көбiрек мөлшерiн қосу қажет. Қоректiк ортаға азот көзi ретiнде үш рет
орын басқан фосфор қышқылды аммоний тұзын пайдалану кезiнде, онымен бiрге фосфордың
қосымша мөлшерi (фосфор бойынша 0,164 г) қосылды. Бұл басқалармен салыстырғанда
осы азот көзiнiң артықшылығын айқындады. Сондықтан азоттың қоректену көзi ретiнде
басқа азот көздерiн пайдаланғанда иммобилизацияланған культурада ПЛ ферменттерiнiң
биосинтезiн 10-11 есе арттыратын P.cyclopium 2-11 штамындағы пектинлиаза ферменттерiнiң
ең жоғары биосинтезi үшiн 100 мл ортаға фосфордың 0,368 г мөлшерiн қосу қажет екендiгiн
есепке алған жөн.






